Алматы, 2022 жылғы 2 қыркүйек
“Еуразиялық банк” АҚ-тың жалғыз акционері болып табылатын “Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ-та директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді.
Компания құрылтайшыларының бірі Патох Шодиев директорлар кеңесінің құрамынан шықты. Акционерлердің жалпы отырысымен 26 тамызда оның орнына оның қызы Муниса Шодиева тағайындалды.
Өзгертулерді есепке алғанда, “Еуразиялық қаржы компаниясының” директорлар кеңесінің құрамында бес адам: Александр Машкевич, Шухрат Ибрагимов, Муниса Шодиева, Рауан Жаксыбаев және Арман Нурушев.
“Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ директорлар кеңесі құрамының жаңартылған тізімін Бағалы қағаздардың орталық депозитарийіне жіберді.
“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі:
press@eubank.kz
eubank.kz