logo
Қз

Еуразиялық банкте халық үшін алтын құймаларын сату бағдарламасы басталды

02.06.2017, Алматы “Еуразиялық банк” АҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халыққа тазартылған алтынның қалыпты құймаларын сату және сатып алу бағдарламасына қатысушылардың арасында алғашқылардың бірі болды.

 

Қазіргі таңда Еуразиялық банкте алтын құймаларын сату географиясы ең ауқымды аумақты алып жатыр, оларды үш қаладан сатып ала аласыз: Алматыда, Өскеменде және Атырауда.

 

Бағдарламаға қатысатын алтын құймалары Қазақстан теңге сарайымен жасалған және төрт түрде ұсынылған: 10, 20, 50 және 100 грамм. Әр құйма механикалық зақымданудан аулақ болуға көмектесетін арнайы тоғанаққа салынған. Құймаларда және тоғанақта қорғаныш элементтер бар және олар актив сапасының сертификаты болып табылады. Тоғанақ тұтастығы құймалар құнының сақталуына кепіл болып табылады.

 

Құймаларды инвестиция құралы ретінде пайдалану артықшылықтарының бірі – банкпен клиентке “күнбе күн” ақшаны төлеумен алғашқы талап бойынша халықтан құймаларды сатып алу  міндетімен қамтамасыз етілген болжалды жоғары өтімділігі.

 

“Ұлттық Банк бағдарламасы – еліміздің қаржы секторының болашақ дамуына және халыққа көрсетіліп жүрген қаржы қызметтерінің алуан түрлілігін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Нарықтың қазіргі конъюктурасын және сарапшылар қауымы тарапының алтын бағасының өсуіне болжалдарын  ескерсек, реттеуіштің бастамасы өте уақытылы екенін байқаймыз. Алтынға қаржы салу – жинақтарыңызды валюталық бағамдардың ауытқуларынан және құнсызданудан сақтаудың сенімді әдісі болғанымен қатар, ұзақ мерзімді келешекте ол аса жоғарғы табыс алу құралы да бола алады. Бір қуантарлығы, ол осы қорғаныш активке қаржы салу енді жеке қаражат салушыларға да қолжетімді болғаны,- деп айқындады “Еуразиялық банк” АҚ Басқарма Төрағасы Павел Логинов

 

Анықтама:

Еуразиялық банк – 1994 жылы негізі қаланған әмбебап қазақстандық банк. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск,Омскі  мен Челябинскте кредиттік-кассалық офистері бар.    S&P рейтингі: В, «тұрақты» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен  берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жылдар.

 

Еуразиялық банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 4%-нан артық үлесіне және оның металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібінің үштен бір бөлігіне ие табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы ірі әртараптандырылған компания – Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») иелеріне тиесілі. Қазір Eurasian Resources Group феррохромның ең ірі өндірушісі, сондай-ақ темір кенінің  және глиноземнің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Eurasian Resources Group өндірістік активтері мен кен орындарын өңдеуге қатысты жобалары төрт континентте де бар.  Сонымен қатар Компания саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.  Әлемде Топтың қызметкерлер қатары 80 000 қызметкерден аса санға ие. Топ акционерлері: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев.

 

Еуразиялық банктің Баспасөз қызметі:

тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4945)

press@eubank.kz www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.