logo
Қз

2020 жылдың бірінші жарты жылдығында Еуразиялық банк активтер, капитал және депозиттер бойынша өсті

2020 жылғы 19 тамыз , Алматы

 

“Еуразиялық банк” АҚ 2020 жылғы 6 айдағы банк және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі — банк) қызметінің шоғырландырылған нәтижелерін жариялады.

 

Пандемияға және карантинге байланысты шектеулерге қарамастан, банк тұрақты дамып келеді, бұған активтер мен капиталдың өсуі дәлел бола алады. 2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша активтер мөлшері 2019 жылғы 31 желтоқсандағы 1057 млрд теңгеге қарағанда 1150 млрд-тан асты.

 

Карантин кезеңінде кредиттік белсенділіктің объективті төмендеуі 6,8% құрады, бұл ретте кейбір сегменттерде, мысалы, автокредит беруде 2,7% шамасында өсім байқалды. Бөлшек және корпоративтік клиенттердің салымдары, сондай-ақ ағымдағы шоттардағы қалдықтар жыл басымен салыстырғанда 12%  өсіп, 895,7 млрд теңгеге жетті. Операциялық кіріс те 41 млрд теңгеден 46 млрд теңгеге дейін өсті.

 

Міндеттемелерді есепке алмағанда меншікті капитал қоры 98,8 млрд теңгеден 106,7 млрд теңгеге дейін 7,9% ұлғайды және банкке өзін сенімді және жайлы сезінуге мүмкіндік береді.

 

Еуразиялық банк жартыжылдық нәтижелеріне қанағаттанады және ағымдағы экономикалық жағдайларда өз клиенттерінің қажеттіліктеріне назар аудара отырып, өз қызметін дамытуға ниетті. Банк онлайн және филиалдық желі арқылы қызметтердің толық топтамасын ұсына отырып, цифрлық сервистер мен қашықтықтан қызмет көрсету арналарын одан әрі жақсартуға назар аударуды жалғастырады.

 

2020 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша банктің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында 17 өңірлік филиалы және 117 есеп айырысу-кассалық бөлімшесі бар.

 

“Еуразиялық банк” АҚ тобына банктен басқа келесі еншілес кәсіпорындар: “Еуразиялық банк” ЖАҚ (Мәскеу қ.), “Еуразиялық жоба 1” ЖШС мен “Еуразиялық жоба 2” ЖШС кіреді.   “Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ банктің бас компаниясы болып табылады және банк акцияларының 100%-на ие.

 

“Еуразиялық банк” АҚ — 25 жылдық даму тарихы бар, Қазақстандағы әлеуметті маңызды коммерциялық банк.  Активтердің мөлшері бойынша елдегі он ірі банктің қатарында, бөлшек банкинг нарығында жетекші позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ субъектілеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді.

 

 

“Еуразиялық банк” АҚ-тың PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401

press@eubank.kz

еubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.