Пресс-релиз, Алматы, 2020 жылғы 20 мамыр
«Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесі (бұдан әрі – банк) 2020 жылғы 19 мамырдан бастап Александр Наумовты Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары етіп тағайындау туралы шешім қабылдады, ол ақпараттық технологияларды және операциялық қызметті дамытуға жетекшілік етеді.
Басқа шешіммен 19 мамырдан бастап Басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымына ауысқан «Еуразиялық банк» АҚ Басқарма мүшесі — Басқарма төрағасының орынбасары Олег Печенкиннің өкілеттігі тоқтатылады.
Банк саласында 2004 жылдан бастап жұмыс істей отырып Наумов мырза бөлшек бизнесте, IT, инфрақұрылымдық жобаларда, онлайн сервистерді дамытуда, маркетингте әртүрлі тәжірибе алды.
Еуразиялық банкке келгенге дейін Александр Наумов «Сбербанк, Қазақстан» АҚ ЕБ-да (бұрынғы Техаkabank АҚ), сондай-ақ «БПС-Сбербанк» ААҚ Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Дербес жетістіктер қатарында — ірі IT-жобаларды табысты іске асыру (болжамды online-талдау құралдарын енгізу, клиенттерді биометриялық сәйкестендіру сервистерін енгізу), банктік online-сервистер үшін бірыңғай заманауи платформаны әзірлеу және іске қосу, «Беларусьтің ең инновациялық банкі» сыйлығы.
Орталық Азия университетінің түлегі Александр Наумов Мәскеудегі Жоғары Экономика мектебінде және Ресей Сбербанкінің корпоративтік университетінде қосымша білім алды.
«Еуразиялық банк» АҚ-тың PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
еubank.kz