logo
Қз

Еуразиялық банктің Директорлар кеңесіне тәуелсіз директор сайланды.

27.06.2017 ж. Алматы. “Еуразиялық банк” АҚ акционерлерінің шешімімен Директорлар кеңесі құрамына жаңа тәуелсіз директор – Инесса Ким сайланды.

 

Тәуелсіз директорды тағайындау 2017 жылдың басында қабылданған банктің даму стратегиясын іске асырумен байланысты және корпоративтік басқару сапасын арттыруға, оны үздік халықаралық тәжірибемен сәйкестікке келтіруге бағытталған.

 

Осылайша “Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің  құрамы 10 адамға дейін өсті. Қазіргі күні оның құрамында: Александр Машкевич, Патох Шодиев, Шухрат Ибрагимов, Павел Логинов, Борис Уманов, Николай Радостовец, Ольга Розманова, Алан Боуэн, Багытжан Кожраков, Инесса Ким.

 

Анықтама:

Инесса Чер-Хвановна Ким – 20 жылдық өтілі бар кәсіпқой банкир. Өз мансабын 1998 жылы Қаз. КСР Байланыс министрлігінің Республикалық ақпараттық-есептеу орталығында бастаған. Өткен жылдар ішінде халықаралық және қазақстандық банктерде басшылық қызметте болған.

 

1995 жылдан бастап 2005 жылға дейін “Еуразиялық банк” ЖАҚ-та Халықаралық есеп бөлімі бастығы мен Халықаралық қарым-қатынастар департаментінің директорынан Банк Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары мен “Еуразиялық банк” ЖАҚ Басқарма Төрағасына дейін басшы қызметтерінде болған.

 

Инесса Чер-Хвановнада екі жоғарғы білім бар: 1988 жылы “Автоматтандырылған басқару жүйелері” мамандығы бойынша Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, ал 1997 жылы “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясы жанындағы Нарық институтын тамамдаған.

 

Еуразиялық банк – 1994 жылы негізі қаланған әмбебап қазақстандық банк. Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі және Новосибирск,Омскі  мен Челябинскте кредиттік-кассалық офистері бар.    S&P рейтингі: В, «тұрақты» деген болжамға ие. KASE мүшесі, KazPrime-ге қатысушы. Банктің сәтті қызметі халықаралық басылымдармен  берілген номинациялардағы марапаттарымен расталады, олар – «Қазақстанның үздік банкі» – IAIR, 2014 ж. «Қазақстанның үздік банкі» – EMEA Finance, 2013 ж., 2014 ж., «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» – Asian Banking & Finance, 2012, 2013 және 2015 жылдар, «Қазақстанның үздік банкі» – Euromoney, 2012 ж. және «Қазақстандағы жыл банкі» – The Banker, 2012 және 2014 жылдар.

 

Еуразиялық банк Қазақстанның ЖІӨ-нің 4%-нан артық үлесіне және оның металлургиялық және кен өндіру өнеркәсібінің үштен бір бөлігіне ие табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы ірі әртараптандырылған компания – Eurasian Resources Group S.a.r.l. («ERG») иелеріне тиесілі. Қазір Eurasian Resources Group феррохромның ең ірі өндірушісі, сондай-ақ темір кенінің  және глиноземнің негізгі өндірушілерінің бірі болып табылады. Eurasian Resources Group өндірістік активтері мен кен орындарын өңдеуге қатысты жобалары төрт континентте де бар.  Сонымен қатар Компания саладағы ірі жұмыс берушілердің бірі болып табылады.  Әлемде Топтың қызметкерлер қатары 80 000 қызметкерден аса санға ие. Топ акционерлері: Александр Машкевич, Алиджан Ибрагимов және Патох Шодиев.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.