Алматы, 2024 жылғы 1 қазан
«Еуразиялық банк» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарманың жаңа мүшесі, Басқарма Төрағасының орынбасары болып және 2024 жылғы 27 қыркүйектен бастап Бөлшек бизнес блогы қызметіне жетекшілік ететін Даулетбаева Айнагуль Амангельдиновна сайланды.
Айнагүл Амангелдиновнаның банк секторында көп жылдық мансабында жинақтаған мол кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары ірі қазақстандық банктердің басшылық лауазымдарын атқарды.
Айнагуль Даулетбаева — М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті экономика факультетінің “Саяси экономика” мамандығы бойынша білім алған түлегі.
Директорлар кеңесінің мүшелері оның кәсібилігі және көшбасшылық қасиеттерінің банк үшін жаңа биіктерге жетуде және стратегиялық мақсаттарды іске асыру жолында баға жетпес орын алатынына сенімді.