logo
Қз

Еуразиялық банк басқармасының жаңа мүшесі сайланды

Алматы, 2024 жылғы 2 ақпан

 

Аскар Хамидуллин басқарманың жаңа мүшесі, банк басқармасы төрағасының орынбасары болып сайланды, ол банктің қаржы блогына жетекшілік ететін болады. Шешімді “Еуразиялық банк” АҚ Директорлар кеңесі қабылдады.

 

Аскар Хамидуллиннің банк секторында көп жылдық мансабында жинақталған мол кәсіби тәжірибесі бар.  2023 жылдың қараша айына дейін Хамидуллин мырза CFO, “Jusan Bank” АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді, оған дейін “First Heartland Bank” АҚ-тың қаржы бөлімшесінің басшысы лауазымында болған еді. Бұған дейін әр жылдарда ол “Citibank (Kazakhstan)” АҚ, “RBS (Kazakhstan)” АҚ,  “HSBC Bank Kazakhstan” АҚ-та еңбек еткен.

 

Директорлар кеңесі оның кәсібилігі мен қаржылық стратегиялар саласындағы  сараптамасы жаһандық сын-қатерлер мен нарықтағы өзгерістердің ағымдағы кезеңінде банк үшін өте бағалы болады деп сенеді.

 

Аскар Хамидуллин  Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің (Нархоз) “Бухгалтерлік есеп, аудит және ақпараттық технологиялар” факультетін және ҚР Ұлттық Банкінің MBA магистратурасын үздік бітірген.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.