logo
Қз

Еуразиялық банк басқармасының жаңа мүшесі сайланды

11 шілде, Алматы

 

“Еуразиялық банк” АҚ директорлар кеңесінің шешімімен 2022 жылғы 7 шілдеден бастап банк басқармасының жаңа мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары болып ІТ блогының басқарушы директоры Ғазиз Ермеков сайланды.

 

Жаңа лауазымында Ермеков мырза ақпараттық технологиялардың дамуына және банктің операциялық қызметіне жетекшілік ететін болады.

 

Сондай-ақ директорлар кеңесінің шешімімен басқарма құрамынан Александр Наумов шығарылды.

 

Осылайша 2022 жылғы 7 шілдеден бастап банк басқармасының құрамына басқарма төрағасы ретінде Валентин Морозов, басқарма төрағасының орынбасарлары ретінде Наталья Дружинина, Иван Белохвостиков, Ләззат Сатиева, Сабыржан Бекбосынов, Ерланбек Қаппар және Ғазиз Ермеков кірді.

 

Басқарма төрағасының жаңа орынбасары Ғазиз Ермеков 37 жаста. Ол өзінің еңбек жолын “Теңізшевройл” ЖШС-да бастады, әр жылдары БТА банкі, Kaspi Bank, Электрондық қаржы орталығы, Қазақстандағы Қытай Банкі сияқты ірі қаржы ұйымдарында жұмыс істеді. Еуразиялық банк командасына 2022 жылғы ақпанда қосылды.

 

2006 жылы Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін “Басқару жүйелерін автоматтандыру және ақпараттандыру” мамандығы бойынша аяқтады. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінде “Қаржы” мамандығын игерді. 2018 жылы Innovative University of Eurasia университетінде Master of Business Administration дәрежесін алды. Ал 2020 жылы Management & Marketing Universal Business мектебінде MBA General Management дәрежесіне ие болды.

 

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 3046.

press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.