logo
Қз

Еуразиялық банкте Басқарма төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Баспасөз релизі, Алматы, 2023 жылғы 26 қаңтар

 

“Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі – банк) Директорлар кеңесі 2023 жылғы 26 қаңтардан бастап Ибрагим Альтамировты Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары етіп сайлап, оған банктің тәуекел-менеджментін тапсыру туралы шешім қабылдады.

 

Ибрагим Альтамиров 37 жаста, банк саласында 2008 жылдан бері жұмыс істеп келеді, еңбек жолын Қазкоммерцбанктің Алматы филиалында бастаған. Корпоративтік бизнес, ШОБ, бөлшек тәуекелдерді басқару, корпоративтік тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ несиелік талдау және қаржылық мониторинг салаларында еңбек еткен жылдарында мол тәжірибе жинақтады.

 

Еуразиялық банкте 12 жыл жұмыс істеп, күмәнді қарыздар бойынша қаржылық мониторинг басқармасының аға менеджерінен тәуекел-менеджмент мәселелері жөніндегі басқарушы директорға дейінгі мансаптық жолды сүрінбей өтті.

 

Альтамиров мырза Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін “Қаржы” мамандығы бойынша үздік аяқтаған.

 

Еуразиялық банктің Директорлар кеңесінің мүшелері Ибрагим Альтамировқа жұмыста табысты болып, банктің бизнес-стратегиясын жемісті іске асыруға тілектестігін білдірді.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 3046.

press@eubank.kz

eubank.kz

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.