Алматы, 2022 жылғы 16 қыркүйек
“Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі — Банк) Директорлар кеңесі Валентин Морозовтың басқарма төрағасы қызметіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
Акционерлердің ұсынысы бойынша ол Директорлар кеңесінің құрамына кірмек.
2022 жылдың 13 қыркүйегінен бастап банктің басқарма төрағасының міндетін атқаруға Ләззат Сатиева кіріседі. Осы уақытқа дейін ол басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарды, корпоративтік банкинг және ШОБ саласын қолдауға жетекшілік етті.