logo
Қз

Еуразиялық банк ұсынған Visa Signature: алып бонустар мен жалпылама тревел-сервисі

Алматы, 2024 жылғы 24 шілде

 

Осы жазғы маусымда әсіресе чемоданыңды жинап, жарқын әсер алу үшін алыс сапарларға барғың келеді. Оның үстіне әр сапарың ұмытылмастай ғана болып қоймай, сонымен қатар пайдалы бола алады.

 

Еуразиялық банк мінсіз трипке арналған ерекше талаптары бар жаңа Visa Signature картасын ұсынады: саяхат үшін 10%-ға дейін бонустар және басқа санаттар бойынша сатып алғаны үшін 35%-ға дейін бонустар (барлығы бір айда 50 000 бонусқа дейін табуға болады, 1 бонус =1 теңге), шекарадан шыққаны үшін 750 000 долларға дейін сақтандыру, тәлуік бойы тегін косьерж сервисі мен Lounge Key премиум залдарына тегін бару және Құттықтау сыйлықтары арқылы банк клиенттері бірінші қолма-қол ақшасыз төлем жасағаны үшін 500 бонус, сондай-ақ Энрике Иглесиас концертімен қоса, Дубайға екі адамдық турды ұтып алу мүмкіндігі сияқты басқа көптеген артықшылықтарды ала алады.

 

«Осы жазда біз Қазақстанда бүкіл әлем бойынша саяхаттауға жоғары бонустарды ұсынамыз: + отель, шипажай, туристік агентігі, авиабилеттері мен т/ж билеттерінің төлемі үшін 4%, смартфон арқылы сатып алғаны үшін +2%, банкте депозиті болған жағдайда сатып алғаны үшін +2%, интернет желісінде сатып алғаны үшін +1%.  Smartbank мобильді қолданбасындағы «Саяхат» санатын орнатқаны үшін қосымша +1 % бонус есептелінеді.  Нәтижесінде клиенттер 10% бонусқа дейін таба алады”, — деді Карточкалық және төлем бизнесі блогының басқарушы директоры Галым Табылдиев.

 

Сондай-ақ карта функционалына Еуразиялық банктің кез келген банкоматтарында айына 300 000 теңгеге дейін, Қазақстандағы кез келген екінші деңгейдегі банк банкоматтарында 300 000 теңгеге дейін және шетелде 300 000 теңгеге дейін тегін аударымдар мен қолма-қол ақшаны алу операциясы кіреді.  Клиенттер карта бойынша бір айда 900 000 теңгеге дейін сомада ақша ала алады.  Және де Apple/Samsung Pay/Google Pay байланыссыз төлем жасау мүмкіндігі де бар.

 

Банктің 30 жылдығына арналған «Visa Signature картасымен саяхатта» бірегей науқанын да атап өткен жөн.  Visa банкке өз клиенттерін қуантуға мүмкіндік берді. 22 тамызға дейін әрбір карта иесінің Дубайға екі адамдық жолдаманы ұтып алып, Энрике Иглесиас концертіне бару мүмкіндігі бар.  Ұтыс ойынымен толығырақ банк сайтында танысуға болады.

 

«Visa Signature — әр саяхатшының сенімді серігі.  Бұл картада алаңсыз қызық оқиғаға қажет нәрсенің бәрі бар: халықаралық әуежайлардағы Lounge key премиум залдарына тегін кіру, саяхатшыны сақтандыру, сондай-ақ тәулік бойы консьерж қызметі. Бұл қызмет билеттер мен қонақүйлерді алдын ала брондауға, мейрамханада үстелге тапсырыс беруге, көлікті жалға алуға және әлемнің кез келген нүктесінен тәулік бойы басқа да көптеген мәселелер бойынша кеңес беруге көмектеседі» —  деп сөзін түйіндеді Галым Табылдиев.

 

Visa Signature картасын шығару және жеткізу қызметі тегін.

 

Картаны Еуразиялық банк сайтынан сілтемесі бойынша тапсырыс беруге болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.