10 қазан 2025 жыл, Алматы
Еуразиялық банк мобильді қосымшасында “Заң және тәртіп” жаңа цифрлық қызмет пайда болды. Оның көмегімен пайдаланушылар құқық бұзушылық туралы тікелей полицияға хабар бере алады. Жобаны ҚР Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жүзеге асырды.
Болған жайт туралы хабарлау үшін Eurasian Bank қосымшасындағы “Мемлекеттік қызметтер” бөлімін ашып, “Заң және тәртіп” қойындысын басып, оқиға түрін таңдап (мысалы, ЖКО, ЖҚЕ бұзылуы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, баламен болған оқиға және т.б.), өтініш жіберу қажет-қажеттілігіне қарай фото немесе бейне жазбаны қоса беруге болады.
Хабарлама нақты уақыт режимінде полицияның кезекші бөліміне түседі де, полицияның жедел түрде ден қойып, азаматтарға көмек көрсетуіне мүмкіндік береді.
“Біз банк міндетін қаржылық қызметтерден гөрі кеңірек көреміз. Енгізіліп жатқан технолгиялар адамдардың күнделікті өміріне және қиын-қыстау жағдайларда көмектесу керек. Әр мезет қымбат болған кезде бір рет басу арқылы көмек алудың маңызы зор”, — деп атап өтті Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Ляззат Сатиева.
Қызмет тәулік бойы жұмыс істейді және Қазақстанның барлық аумағында қолжетімді. Өтініштер қосымшаны пайдаланушының тұрғылықты жеріне қарамастан, автоматты режимде қабылданады.
“Заң және тәртіп” жобасы-цифрлық шешімдердің қоғам қауіпсіздігі жүйесінің бір бөлігіне айналдыратын тағы бір қадам. Еуразиялық банк клиент өмірін ыңғайлы әрі қауіпсіз ететін пайдалы қызметтердің экожүйесін дамытуды жалғастыра береді.