logo
Қз

ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК ӨНЕРКӘСІП АКТИВІНЕ ЖАҢА ӨМІР СЫЙЛАЙДЫ

Пресс-релиз, Алматы қ., 28 ақпан, 2020 жыл

 

Қазақстанда көптеген банктер проблемалық активтерді сатуға байланысты өздеріне қатысы жоқ қызметпен айналысуға мәжбүр.  Бұл ретте, көпшіліктің пікіріне қарамастан кепілді мүлікті сату кезінде банктер үшін жалғыз мақсат пайда табу болып табылмайды.  Еуразиялық банктің сатылуы тиіс проблемалық активтерінің қатарында бүкіл Қазақстан бойынша бірқатар өнеркәсіптік нысандар бар.  Мұндай нысандардың ішінен банк Қазақстан өңірлерінің экономикасын дамыту үшін олардың экономикалық маңыздылығын түсіне отырып, неғұрлым әлеуметтік маңызы бар нысандарды қалпына келтіруге және сауықтыруға мүдделі.

 

Мысалы, Еуразиялық банктің стресті активтерін басқару жөніндегі еншілес компанияның меншігінде Хромтау қаласында орналасқан бұрын “Ақтөбе нан өнімдері комбинаты” ЖШС-на тиесілі  наубайхана бар.  Наубайхананың қуаттылығы айына 210 тонна нан-тоқаш және 90 тонна кондитерлік өнімдерді құрайды.  Наубайхана 2012 жылдан бастап Еуразиялық банктің кепілінде тұрған еді.  Ал 2016 жылы “Ақтөбе нан өнімдері комбинаты” ЖШС банк алдындағы қарыздарға толықтай қызмет көрсетуді тоқтатты және өзінің шаруашылық қызметін тоқтатты.

 

Осының бәрі — Хромтау экономикасының елеулі бөлігі.  Еуразиялық банк наубайхананы сақтап қалды, ал 2019 жылдың қарашасында “Спец Строй Монтаж” ЖШС компаниясы наубайхананы жалға алды.  Бұл ретте банк жалға алушыға шарт бойынша жайлы талаптарды және тіпті 3,5 айға бизнес-демалыс берді.

 

Сондықтан банктің күш-жігері активті сауықтыруға бағытталған.  Бүгінгі күні, жөндеуден кейін наубайхана нан пісіруді қайта бастады.  Және бұрын “іркілісте” тұрған өндіріске жан бітті.

 

— Айта кету керек, өндіріс іске қосылғанда мұндай нысандардың орташа нарықтық құны сату кезінде әдетте банк белгілеген мөлшерден жоғары болады, бірақ көпшілігі керісінше ойлайды.  Банкке проблемалық активтің қаржы-шаруашылық қызметін қалпына келтіру маңызды, сондықтан біз әлеуетті инвесторлармен немесе жалға алушылармен келісуге әрқашан дайынбыз, — дейді банктің басқарушы директоры Александр Орлов, — ал кәсіпкерлер үшін — бұл өз бизнесін ұйымдастыруға немесе кеңейтуге жақсы мүмкіндік.  Болашақта кәсіпорын бұрынғыдай үлгілі болу үшін итальяндық макарон желісін, диірменді және элеваторды қоса алғанда, барлық элеватор кешенін іске қосу, жаңа жұмыс орындарын құру міндеті тұр.

 

— Біз кешенге 7 миллион теңгеге жуық инвестиция салып та қойдық, — дейді “Спец Строй Монтаж” ЖШС-ның өкілі Ғани Алманов — біз оған үлкен үміт артып отырмыз.  Жақын арада тәулігіне 3 мың бөлке нан өндіруді және сатуды жоспарлап отырмыз.  Алғашқы жеткізілім 2020 жылдың 15 ақпанында ұйымдастырылды.  Бүгінгі күні біз күніне 300-ден 500 бөлкеге дейін өндіреміз және сатамыз.  Алдағы 3-4 ай ішінде кондитерлік өнімдерді іске қосуды жоспарлап отырмыз.

 

Тарихи анықтама Дон элеваторы базасында құрылған “Ақтөбе нан өнімдері комбинаты” ЖШС 1976 жылы пайдалануға берілді. Өз уақытында кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны 130 адам болды.  Жұмыс барысында комбинат нарықтағы жетекші орындардың біріне ие болды және өзін жоғары сапалы өнім өндіруші ретінде танытты.  2012 жылы компания “Үздік азық-түлік тауарлары” номинациясы бойынша 1-ші дәрежелі дипломға ие болды.  Өнім Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және басқа облыстарында сатылып отырды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.