logo
Қз

Еуразиялық банк пен Mastercard отандық «Байдың қызын аламын» фильмінің шығуын қолдады

ПРЕСС-РЕЛИЗ, Алматы, 2023 жылдың 22-қыргүйегі

 

20-қыргүйекте Kinopark 11 IMAX Esentai «Tiger Films» продюсерлік компаниясының «Байдың қызын аламын» романтикалық комедиясының премьерасы өтеді. Картинаның шығуын Еуразиялық банк MasterCard халықаралық төлем жүйесімен бірлесе отырып қолдады.

 

Сюжет бойынша ауылдың жігіті Темірлан байдың қызын іздеп қалаға аттанады, оған үйлену арқылы жігіттің материалдық жағдайы өзгеріп, сондай-ақ ата-анасының наразылығынан құтқарады.

 

Қалада болған оқиғаларда Темірлан мен оның достарына бірнеше рет Еуразиялық банк шығарған Mastercard World және Mastercard Black Edition төлем карталары көмектеседі.

 

«Бұл фильм ақшаға сатып ала алмайтын махаббат туралы. Біздің актерлер мен режиссерлердің шығармашылығы біздің менталитетімізде, әдет-ғұрыптарымызда, салт-дәстүрлерімізде, қазақтың бірегейлігінде және жалпы елімізде керемет нәрсе бар екенін көрсетеді деп үміттенеміз. Президенттің жуырдағы жолдауы аясында Қазақстанда шығармашылық индустрияны қолдауға ерекше көңіл бөлінді. Еуразиялық банктің осы уақытқа дейін біздің серіктесіміз — MasterCard төлем жүйесі және «Tiger Films» жетекші продюсерлік компаниясымен бірге осы трендті қолдағаны бізге қуантады», – деп атап өтті Еуразиялық банктің төрағасы Ләззат ….

 

Фильмдегі басты рөлдерді Еркебұлан Тоқтар, Тамирис Жанғазинова, Ақерке Назарбекова, Бекзат Елеусізов, Жасулан Әйтенов және т.б. сомдады.
Фильмнің режиссері Дархан Саркенов, сценарий Нуржан Еркинулы мен Медет Калибеков.

 

21 қыркүйектен бастап қазақстандықтар отандық кинотеатрларда комедияны тамашалай алады.

 

2021 жылы толық метражды фильмдер шығару мақсатында құрылған Tiger Films продюсерлік компаниясы бірнеше жыл ішінде отандық кино нарығында жетекші орынға ие болды. Компанияның артында 26 картина тұр, оның 18-і кинотеатрларда көрсетілді. Олардың қатарында «Бишарашки», «Бойдақ күйеу — Женатый холостяк», «Жыным сол» және т.б. комедиялар бар. 2023–2024 жылдар аралығында 30 жаңа фильм түсіру жоспарлануда.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.