Мәтін: Коронавирус індетіне байланысты қаржылық жағдайдың нашарлауына орай кредиттер бойынша мерзімін шегеруге қол жеткізу үшін Еуразиялық банкке 140 000 жуық клиент – жеке тұлға өтініш білдірді.
Бүгінгі күні 138 181 өтінім орындалды. Қарыздар бойынша берілген мерзімін шегеру саны 180 572 құрайды. Банкке орта есеппен бір күнде келіп түскен өтініштердің ағымдағы көлемі – 1 400 өтінім.
Банк сілтеме бойынша мерзімін шегеру туралы өтінішті толық қашықтықтан және қауіпсіз түрде қабылдауды жалғастырады. Мерзімін шегеруге өтініш беру мерзімі — 2020 жылдың 15 маусымына дейін. Өтінім 3 жұмыс күні ішінде қаралады.
“Еуразиялық банк” АҚ-тың PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
еubank.kz