Баспасөз хабарламасы, 7 қыркүйек, 2023 жыл
Еуразиялық банк өзінің eubank.kz корпоративтік сайтын көру қабілеті бұзылған адамдар үшін сәтті бейімдеді. Бұл қаржылық инклюзия жолындағы маңызды қадам, физикалық немесе танымдық ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтарға банктік қызмет көрсету қолжетімді болды.
Банктің сайты енді мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етеді: аудио функционалдылық пен экрандағы қаріп өлшемін басқаруды қоса алғанда арнайы функциялар енгізілген, бұл нашар көретін клиенттерге өнімдер, қызметтер туралы ақпаратты оңай көруге және сайтта банкпен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.
“Сайтты инклюзивті пайдаланушыларға бейімдеу – біз дайындаған өзгерістердің бірі ғана. Біз барлық клиенттеріміз үшін жағымды қаржылық тәжірибе алу жолында неғұрлым ашық, қолжетімді және инклюзивті болуға ұмтыламыз”, — деді Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.
“Еуразиялық банк”АҚ – әлеуметтік маңызы бар қаржы институты, қазақстандық банктер арасында активтерінің көлемі бойынша алтыншы орынға ие. Автонесиелеу саласындағы абсолютті көшбасшы, тауарлық несиелеу бойынша үздік үш банктер қатарына кіреді, бөлшек саудада жетекші орын алады, корпоративтік клиенттер мен кәсіпкерлерге қызметтердің кең таңдауын ұсынады. Moody ‘ s — B1 шкаласы бойынша банк рейтингінің болжамы 2023 жылдың 15 маусымында “оң” бағамен расталды. Банк ERG тобының экожүйесіне жатады (минералды ресурстарды өндіру және өңдеу саласындағы әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі).