logo
Қз

Еуразиялық банк рекордтық күшті көрсеткіштермен 2019 жылға шоғырландырылған қаржылық есебін жариялады

2020 жылғы 2 шілде, Алматы

 

«Еуразиялық банк» АҚ 2019 жылғы 12 айдағы банк және оның еншілес ұйымдары (бұдан әрі — банк) қызметінің шоғырландырылған нәтижелерін жариялады.

 

— Мен банктің ХҚЕС бойынша 2019 жылғы жұмысының аудиттелген нәтижелерін ұсынғаныма қуаныштымын. Біз жылды рекордтық көрсеткіштермен аяқтадық.  Банктің операциялық табысы 25%-ға 72,9 млрд теңгеден 91,6 млрд теңгеге дейін өсті.  Біздің банктің пайдасына өз таңдауын жасаған клиенттер саны 20%-ға өсіп, 4 млн адамға жақындады.  Шығындардың кірістерге қатынасы (cost to income) 44,4%-дан 38,7%-ға дейін төмендеді.  Банкті капиталдандыру: К1 — 9,5%-дан 10%- ға дейін, К2 — 23,8%-дан 26,2%-ға дейін өсті.  Бүкіл нарық үшін күрделі болып табылатын 2020 жылға біз өтімділіктің әсерлі қорымен кірдік: 2019 жылдың соңында банк балансындағы өтімділігі жоғары активтердің үлесі 31,8%-ды құрады және бүгінгі күнге дейін одан да жоғарырақ деңгейі сақталуда.  Moody’s агенттігі банкке B2 рейтингісін берді.

 

— 2019 жылы біздің банк өзінің 25 жылдығын атап өтті.  Біз елімізде орын алған барлық шарықтаулар мен құлдыраулардан бірге өттік және біздің клиенттеріміз үшін сенімді серіктес болуды жалғастырып келеміз, — деп банктің директорлар кеңесінің басшысы Александр Машкевич 2019 жылдың қорытындыларына түсініктеме берді.

 

«Еуразиялық банк» АҚ тобына банктен басқа келесі еншілес кәсіпорындар: «Еуразиялық банк» ЖАҚ (Мәскеу қ.), «Еуразиялық жоба 1» ЖШС мен «Еуразиялық жоба 2» ЖШС кіреді.   «Еуразиялық қаржы компаниясы» АҚ банктің бас компаниясы болып табылады және банк акцияларының 100%-на ие.

 

«Еуразиялық банк» АҚ-тың PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.