logo
Қз

Баспасөз релизі

Moody's агенттігі Еуразиялық банкке халықаралық шкала бойынша баға берді

10 қараша 2021 жыл

Алматы

Еуразиялық банктің өтінімі бойынша Moody’s Investors Service (“Moody’s”) халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің ұлттық шкала бойынша рейтингтерін кері қайтарып алды.

 

“Бұл тек техникалық шешім. Ұлттық шкала бойынша рейтинг қазір нарықта пайдаланылмайды. Инвесторлар, реттеуші, кредиторлар, пайдаланушылар рейтингтің халықаралық көрсеткіштеріне ғана сүйенеді. Сондықтан банк ұлттық шкала бойынша рейтингті қайтарып алу үшін Moody’s агенттігіне жүгінді. Енді рейтинг қорытындысы бойынша жақында банктің жағдайы “тұрақты” деп жақсартылды”, – деді Еуразиялық банктің қаржы директоры Наталья Дружинина.

 

Баспасөз релизіне сәйкес Moody’s халықаралық рейтингі ұлттық шкаладан Банк ұстанымын барлық халықаралық ұйымдармен жаһандық тұрғыдан салыстыратындығымен ерекшеленеді, ал ұлттық рейтинг мұндай мүмкіндікті ұсынбайды.

 

Бұдан бұрын 2021 жылдың қыркүйегінде Moody’s банктің халықаралық болжамын “тұрақты” деп көтерген болатын, осы агенттіктің баспасөз релизінде болжамның жақсаруы тұтынушылық кредиттер сегментіндегі қарыздардың тиімділігі мен сапалық жоғары көрсеткіштерінің арқасында банктің қаржылық орнықтылығын көрсететіні жария етілді. Шетел валютасы бойынша негізгі кредиттік В2 рейтингі өзгерген жоқ.

 

Еуразиялық банк — қазақстандық банктердің ішінде активтері жөнінен 8-ші орында тұрған әлеуметтік-әмбебап маңызды қаржы институты. Банктің қызмет көрсету желісі бүкіл ел бойынша 17 филиал мен 114 бөлімшені қамтиды.

 

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 4401.

press@eubank.kz

eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.