logo
Қз

Еуразиялық банк клиенттерді қолдау ретінде депозиттер бойынша мөлшерлемені өсірді

Пресс-релиз, Алматы қ., 20 наурыз 2020 жыл

 

“Еуразиялық банк” АҚ (бұдан әрі – банк) теңге бағамының кенеттен өзгеруіне байланысты арнайы ұсынысты әзірледі, ол қазақстандықтардың қаржылық жағдайын жақсартуға және теңгедегі депозиттер бойынша көтеріңкі табыстылықты белгілеуге мүмкіндік береді.

 

20 наурыз бен 25 наурызға дейін кезең ішінде банк “Турбо депозит” және Турбо Депозит Жинақтаушы” жаңа және 12 айға мерзімі ұзартылған салымдар бойынша мөлшерлемелерді өсіреді.

 

“Турбо Депозит” салымы бойынша атаулы мөлшерлеме 12,2% құрайды, жылдық тиімді мөлшерлемесі – 13,0%.

 

“Турбо Депозит Жинақтаушы” салымы бойынша толықтыру құқығымен атаулы мөлшерлеме 12,28% құрайды, жылдық тиімді мөлшерлемесі – 13,0%, толықтыру құқығысыз атаулы мөлшерлеме 14,14% құрайды, жылдық тиімді мөлшерлемесі – 15,1%.

 

Көтеріңкі мөлшерлемемен депозитті өзіңіз Smartbank қосымшасы арқылы үйден шықпай аша аласыз. Бұл ең алдымен банктің кредиттік, карточкалық және депозиттік өнімдері бар банктің қазіргі клиенттерге қатысты болып табылады. Көтеріңкі мөлшерлемені алу үшін жаңа салымшылар банктің бөлімшесіне жолығу қажет. Бөлімшелердің мекенжайлары мен мейрам күндеріндегі жұмыс тәртібін банктің сайтында, “Бөлімшелер мен терминалдар” тарауында таба аласыз.

 

26 наурызда көтеріңкі мөлшерлемеге қатысты арнайы ұсыныстың әрекеті аяқталады. Осылайша 20 наурыз бен 25 наурыз аралығындағы кезең ішінде қазақстандықтар алдымыздағы жылға банкте депозиттер бойынша көтеріңкі мөлшерлемені ала және сақтай алады.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.