Алматыда белгілі әртістер мен блогерлердің, оның ішінде Банктің ресми амбассадорлары Альмира Турсын мен Тауекел Муслимнің қатысуымен Еуразиялық банктің Visa Signature жаңа картасының таныстырылымы өтті.
Еуразиялық банк ұсынған Visa Signature мінсіз саяхатқа арналған ерекше шарттарды ұсынады: саяхаттау үшін 10%-ға дейінгі бонус және басқа санаттар бойынша сатып алулар үшін 35%-ға дейінгі бонус (айына 50 000-ға дейін бонус алуға болады, 1 бонус = 1 теңге ), шетелге шығу кезінде 750 000 долларға дейін сақтандыру, тәулік бойы консьерж-сервис және Lounge key премиум залдарына тегін кіру және басқа да көптеген артықшылықтар. Марапаттау сыйлығы ретінде банк клиенттері алғашқы қолма-қол ақшасыз төлем үшін 500 бонус алады.
Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасы Ляззат Сатиева құттықтау сөзінде “Visa Signature картасын шығару – Visa-мен ынтымақтастығымызды дамытудағы маңызды қадам, ол клиенттерге қаржылық қызметтер мен дербестендірілген сервис саласындағы үздік қызметті ұсынуға мүмкіндік береді. Visa Signature сапаны, жайлылықты және стильді бағалайтындар үшін таптырмас құрал болады деп сенеміз”, — деп айтты.
Visa Signature картасымен бүкіл әлем бойынша саяхаттарға арналған жоғарылатылған бонустар қолжетімді: қонақүйлерге, курорттарға, туристік агенттіктерге, авиабилеттерге және теміржол билеттеріне ақы төлеу үшін + 4% , смартфон арқылы сатып алу үшін +2%, банкте депозит болған кезде сатып алу үшін + 2%, онлайн сатып алу үшін +1% бонус. Smartbank мобильді қосымшасына “Саяхат ” санатын орнату кезінде қосымша +1% бонус есептеледі. Нәтижесінде клиенттер 10%-ға дейін бонус ала алады.
Сондай-ақ картаның функционалына Еуразиялық банктің кез келген банкоматтарында айына 300 000 теңгеге дейін, Қазақстандағы кез келген екінші деңгейдегі банктердің банкоматтарында 300 000 теңгеге дейін және шетелде 300 000 теңгеге дейін тегін аударымдар мен қолма-қол ақша алу енгізілді. Жалпы алғанда, клиенттер карта бойынша айына 900 000 теңгеге дейін ақша шешіп ала алады. Сондай-ақ, әрине, Apple/Samsung Pay/Google Play түйіспесіз төлем жасау мүмкіндігі.
Visa Signature — әрбір саяхатшының сенімді серігі. Бұл картада алаңсыз саяхаттауға қажетті нәрсенің бәрі бар: халықаралық әуежайлардағы Lounge key премиум залдарына тегін кіру, саяхатшыны сақтандыру, сондай-ақ тәулік бойы консьерж қызметі. Бұл қызмет билеттер мен қонақүйлерді брондауға, мейрамханада үстелге тапсырыс беруге, көлікті жалға алуға қуана көмектеседі және тәулік бойы басқа да көптеген мәселелер бойынша әлемнің кез келген жерінен ақыл-кеңес бере алады.
Visa Signature картасын шығару және жеткізу тегін жүзеге асырылады.
Картаға Еуразиялық банк сайтында сілтемесі бойынша тапсырыс беруге болады.