6 қазанда Светлана Королева ОА, ТМД және Балтық елдеріндегі “Касперский зертханасы” ұйымдастырған “Пандемия дәуіріндегі алаяқтық” баспасөз конференциясында сөз сөйледі және журналистерге Қазақстанда алаяқтықтың ең төменгі деңгейлерінің бірі байқалып отыруын көрсететін Mastercard төлем жүйесінің зерттеу деректерін ұсынды. Бұл деңгей Ресейде жоғары, Еуропа елдерінде және Қытайда одан да жоғары, ал АҚШ-та ең жоғары. Сондықтан бізде кибер алаяқтықтың өсуіне жол бермеу үшін басқа елдердің тәжірибесін ескерген жөн.
Пандемия кезінде бүкіл елде телефон алаяқтықтары күрт өсіп кетті. Зардап шеккендерге әлеуметтік инженерия, айла-шарғы жасау әдістерін қолдана отырып, банк қызметкерлері болып қоңырау шалынған. 85% жағдайда адамдар өз карталарының дербес деректерін алаяқтарға өздері атаған, ал қалған 15% жағдайда бұл деректер интернетте ашық қолжетімділікте қалдырылған.
ОА, ТМД және Балтық елдеріндегі “Касперский зертханасының” басқарушы директоры Евгений Питолин ҚР-ғы әрбір үшінші азамат алаяқтық әрекетімен бетпе-бет кездескенін, әрбір жағдайда шығын орташа есеппен 12 мың теңгені құрағанын айтты.
— Бұл ақша жолда жатқан жоқ, оны біздің азаматтар еңбектеніп тапқан және осы алаяқтар болмаса, ол ақшалар тиімді түрде жұмсалар еді. Сондықтан хабардар болу, кибер сауаттылықты дамыту, сындарлы күмәншілдікті, сыни ойлауды қалыптастыру және қарапайым ережелерді сақтау өте маңызды. Зерттеу деректері бойынша басқа елдерге қарағанда қазақстандықтар сенгіш қана емес, сонымен қатар өте пайдалы ұсыныстарға, оңай табысқа, “тегін олжаға” өте үйірсек келеді. Мысалы, арзан кредит туралы ертегіге сенеді. “Түрлі-түсті көзілдіріктің” сынығы көзіңізге зиян келтіруі мүмкін екендігін естен шығармау қажет”, — деді Евгений Питолин.
Сарапшылар төлем карталарын қауіпсіз пайдалану ережелерін еске салды
• * Өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыратын адамдардың кез келген қоңырауларына күмәндана қарау Әңгімелеспестен, тұтқаны қойып, нақтылау үшін банкке қоңырау шалу.
* Ешқашан және ешкімге картаңыздың мәліметтерін айтпау, олар: PIN-код, 16 таңбалы нөмір, жарамдылық мерзімі, иесінің аты және картаның артқы жағындағы үш таңбалы код, ұялы телефонға жіберілетін кодтары бар СМС.
* СМС немесе мессенджерлердегі хабарламалардан келген күмәнді сілтемелерді баспау
* Қызметтер немесе тауарлар сайтының мекенжайларының дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. https:// жазуы және құлыптың белгісі бар сайттарды пайдаланыңыз.
* Тек сіздің қатысуыңызда ғана төлем картасымен операциялар жүргізуді талап ету.
* Ешқашан өз картаңыздың сканын, фотосуреттерін немесе деректерін мессанджерлер арқылы үшінші тұлғаларға жібермеу.