logo
Қз

Еуразиялық банк 2022 жылы көрсеткіштердің айтарлықтай өсіміне қол жеткізе отырып, нарықтағы орнын нығайта түсті

26 сәуір 2023 жыл, Алматы

 

“Еуразиялық банк” АҚ 2022 жылдың қаржылық нәтижелері бойынша халықаралық аудиторлық қорытындымен расталған және ҚЕХС стандарттарына сәйкес құрылған шоғырландырылған қаржылық есептілігін жариялады.

 

2022 жылғы геосаяси шиеленіс, тұрақсыздық, санкциялық шектеулер Қазақстанның банк жүйесі үшін кезекті сын-қатерге айналып қана қоймай, сонымен бірге жаңа мүмкіндіктерге де жол ашты. Еуразиялық банк бұл уақытты өзінің пайдасына жаратып, нарықтық үлесін 3,8% шамасынан 5,3%-ға жеткізді.

 

Ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді: банк пайдасы алты есе өсіп, активтері мен несие қоржыны бір жарым еседен асып кетті. Өрлеу қарқыны жөнінен Еуразиялық банк 2022 жылы ең жылдам дамып жатқан банктердің біріне айналды”, — деді Банктің Басқарма төрағасы Ләззат Сатиева, — “Өтімді активтер 75%-ға дейін шарықтап, нарықтың құбылмалы мінезіне тез бейімделе және клиенттердің талап-тілектеріне жауап бере отырып, несиені белсендіруге мүмкіндік берді. Біз белсенді цифрландыруды жалғастырдық, нәтижесінде тауарлық несие беруде клиенттер үшін ең қолайлы шешім шығаруды 4 секундта қамтамасыз ете отырып, нарықта бір қадам алға жылжыдық. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында біздің активтеріміз 2,3 триллион теңгеден асты және бұл өсім жалғасуда”.

 

Банк тәуекелдер мен кірістерді басқарудың байыпты саясатының арқасында капиталдың рентабельділігін 41%-ға арттырды. Нәтижесінде Moody’s Investors Service халықаралық рейтинг агенттігі Еуразиялық банктің ұзақ мерзімді депозиттік рейтингісінің В2 болжамын “тұрақтыдан” “позитивті” деңгейге өзгертті.

 

Цифрлық трансформация және жаңарған IT архитектура банкке көптеген қызметтер мен өнімдерді онлайн форматқа ауыстыруға мүмкіндік берді: барлық несие өтінімдерінің 80%-ға жуығы онлайн қабылданып, депозиттік өнімдердің 50%-дан астамы онлайн режимде ашылды.

 

Шоғырландырылған қаржылық есептіліктің негізгі көрсеткіштері:

  • Еуразиялық банк тобының активтері 2022 жылы 67% өсті, 2021 жылы 1,4 трлн теңге болған болса, банктің несие портфелінің өсімі есебінен 2,36 трлн теңгеге дейін өсті.
  • Клиенттердің несиелері 2022 жылдың 12 айында 67%-ға ұлғайып, яғни 635,3 млрд.теңгеден 1,06 трлн теңгеге дейін жетті. Корпоративтік сегментте де, бөлшек сегментте де несие беру қарқыны өскен.
  • Депозиттер мен шоттардағы қаражат 70%-ға, яғни 1,136 трлн теңгеден 1,931 трлн.теңгеге дейін артты, бұл клиенттердің сенімді және тұрақты қаржы институты ретінде банкке үлкен сенім артатындығының айғағы болып табылады.
  • Банктің меншікті капиталы 65%-ға, яғни 197,3 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл капиталдың болашақта белсенді өсімді қамтамасыз ету үшін қолайлы деңгейде жеткілікті екенін көрсетеді.
  • Шоғырландырылған таза пайда 6 еседен астам дәрежеде ұлғайып, 83,3 миллиард теңгені құрады. Несиелеуден басқа негізгі кіріс көздеріне конверсиялық операциялар мен карточкалық бизнестен алынған кірістер жатады.

 

ҚОСЫМША АҚПАРАТ*

 

Нарықтағы үлестері

  • Нарықтағы 48% — автонесиелеу (жаңа көліктер) бойынша №1
  • Нарықтағы 17% — POS-несиелеу бойынша №3

 

2022 жылы банктің барлық негізгі қаржылық көрсеткіштері бойынша үлесі арта түскен:

  • активтер — 01.01.2022 ж. 3,8% бастап 01.2023 ж. 5,3% дейін (7-орын)
  • несиелік портфель — 01.01.2022 ж. 3,6% бастап 01.01.2023 ж. 4,8% дейін (7-орын)
  • капитал — 01.01.2022 ж. 2,6% бастап 01.01.2023 ж. 3,7% дейін (7-орын)
  • клиенттердің қаражаты — 01.01.2022 ж. 4,3% бастап 01.01.2023 ж. 6,0% дейін (6-орын)
  • халықтың салымдары — 01.01.2022 ж. 3,6% бастап 01.01.2023 ж. 5,1% дейін (5-орын)
  • заңды тұлғалардың салымдары — 01.01.2022 ж. 5,0% бастап 01.01.2023 ж. 7,0% дейін (5-орын)
  • NIM көрсеткіші — 01.01.2022 ж. 5,8% бастап 01.01.2023 ж. 7,5% дейін (5-орын)
  • корпоративтік бизнеске арналған несие сол қалпында — 3,5% үлеспен (6-орын)
  • ШОБ несиелері — 01.01.2022 ж. 2,4% бастап 01.01.2023 ж. 3,3% дейін (8-орын)

 

БӨЛШЕК БИЗНЕС

 

  • Цифрландыруды қарқынды жүргізу, өнімдер желісін кеңейту, сондай-ақ 2022 жылы ашылған нарықтық мүмкіндіктерге бұрыннан дайын болудың арқасында бөлшек бизнестің шоғырландырылған есептілігі бойынша қаржылық нәтижесі 2021 жылмен салыстырғанда 92%-ға өсті. Жыл ішінде несие өтінімдерінің саны 153%-ға, ал несие қоржыны 66%-ға, клиенттердің қаражаты 89%-ға артты.
  • Банк 48% үлесімен жаңа автомобильдер сегментінде 1-орынға және 24% үлесімен пайдаланылған автомобильдер сегментінде 2-орынға жайғасып, көлік несиелеу нарығында алдыңғы қатардағы орнын сақтап қалды. Жыл сайынғы International Business Magazine Awards рейтингісінің аясында халықаралық сарапшылар “Автонесие беретін үздік банк” номинациясында біздің банкті көрсетті.
  • Қазақстанның тауар несиесі нарығында банк ең жылдам (небары 4 секундта) несие шешімін іске қосқан банк ретінде 17% үлесімен 3-орында тұр. Бұл жетістік жыл сайынғы International Business Magazine Awards рейтингінде “Ең жылдам тауар несиесі” номинациясында атап өтілді.
  • Карточкалық бизнес сонымен қатар барлық негізгі көрсеткіштері жағынан ілгерілеуде — белсенді қолданыстағы карталар саны 1 млн данаға жетті, шоттардағы қалдықтар 67%-ға, ал карталар бойынша айналым 77%-ға өсті.
  • Карталар бойынша онлайн операциялар артқан — өткен жылы сатып алу және ақша аудару операцияларының жалпы сомасы 2021 жылмен салыстырғанда 2,5 есе өсті. Қашықтан сатып алудың орташа чегі 22%-ға, ал қашықтан аударым жасау 2021 жылмен салыстырғанда 36%-ға артты. Онлайн сатып алу және ақша аудару операцияларының саны тиісінше 35% және 87%-ға көбейген.

 

КОРПОРАТИВТІК БИЗНЕС

 

  • Банктің корпоративтік клиенттер базасы 2021 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті.
  • Шоғырландырылған есептілік деректері бойынша корпоративтік клиенттерге берілген несиелер 2022 жылы 57%-ға немесе 131 млрд. теңгеге өсті. Негізгі өсім ірі корпоративтік клиенттер сегментінде байқалды.
  • Банк жаңа өнімдер мен қызметтер бойынша бірнеше релиз жүргізді, соның ішінде Бизнес-картаны таратылымға шығарды, клиенттердің заманауи қажеттіліктері мен заңнама талаптарына сай келетін Smart Business қосымшасын жаңартты.
  • Банк “Автосальдо” қызметін іске қосты.
  • Қазақстанда ЕДБ арасында алғаш рет квазимемлекеттік сектордың mitwork.kz сатып алу порталында электрондық банк кепілдігі шығарылды.
  • KazakhExport АҚ қолдауымен электрондық құжат айналымына көшу жүзеге асырылды.

 

“Еуразиялық банк үшін 2023 жылдың соңына дейін бизнестің тұрақты өсуін жалғастыру, қажетті реттеу талаптарын сақтай отырып, несиелеу және басқа да қаржылық қызметтерді ұлғайту, бөлшек сауда нарығындағы көшбасшылық қалыпты нығайту, клиенттеріміз үшін үздік пайдалану тәжірибесін қалыптастыру мақсатында цифрлық трансформация стратегиясын жалғастыру және Өзбекстанда еншілес банкті ашу басымдыққа ие болады”, – деп хабарлады Еуразиялық банктің басқарма төрағасы Ләззат Сатиева.

 

“Еуразиялық банк” АҚ тобына банкпен қатар еншілес кәсіпорындары – “Еуразиялық жоба-1” ЖШС және “Еуразиялық жоба-2” ЖШС кіреді. “Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ банктің бас компаниясы болып табылады және 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша банк акцияларының 100%-ның иегері.

 

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі 4401.

press@eubank.kz

 

*Ақпарат ҚРҰБ деректері және банктің ішкі талдауы негізінде ұсынылды

 

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.