Еуразиялық банктің жалғыз акционері 2020 жылғы дивидендтерден бас тартып, банктің бүкіл пайдасын оның меншікті капиталын қуаттандыруға жұмсады
14 маусым 2021 ж., Алматы. — «Еуразиялық банк» АҚ жалғыз акционері «Еуразиялық Қаржылық Компания» АҚ 2020 жылғы дивидендтерді төлеуден бас тартып, 4 157 408 000 теңге мөлшеріндегі таза пайдасын банкті кайта капиталдандыруға жұмсау туралы шешім қабылдады. Тиісті шешімді «Еуразиялық Қаржылық Компания» АҚ Директорлар кеңесі банктің 2020 жылғы шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін бекіткеннен кейін қабылдаған болатын.
«2020 жылдың қорытындысы бойынша банк пайда өсімін айтарлықтай ұлғайтты, алайда бұрынғы жылдардағыдай біз дивиденд төлеуден бас тартып, барлық пайданы банкті әрі қарай дамытып, нығайту үшін банк иелігінде қалдыруды ұйғардық, — банктің Директорлар кеңесінің мүшесі Шухрат Ибрагимов бұл шешімді осылай түсіндірді. — Пандемиядан есеңгіреп қалған Қазақстанның банк нарығы қайтадан қалпына келіп, несиелерге деген сұраныс өсе бастады. Сондықтан біз капиталдың жеткілікті қоры банктің несиелеу қарқынын арттыруға және көптеген өнімдер мен қызметтерді мобильді цифрлық форматқа көшіре отырып, технологиялық платформаны жедел жаңартуға мүмкіндік беретініне сенімдіміз».
Бұрын хабарлағанымыздай, 2021 жылы Еуразиялық банк жаңа стратегия қабылдап, соның шеңберінде банктің технологиялық платформасын, ұйымдық құрылымын және сервистік моделін түбегейлі цифрлық бағытта өзгертуге кірісті. Бұл ауқымдық жұмыста клиенттердің ағымдағы қажетіліктерін талдап, жаңа қажеттіліктерін анықтау, банк қызметтерін дербестендіру және қашықтан қызмет көрсету каналдарын кеңейту арқылы клиенттік тәжірибені жаңартуға басты назар аударылды.
Еуразиялық банктің аудиттелген жылдық қаржылық есептілігінің деректеріне сәйкес 2020 жылғы шоғырландырылмаған пайда 2019 жылғы қаржылық нәтижеден екі есе асып түсіп, 2 747 млн теңгеден 4 157 млн теңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте акциялар бойынша табыс 220,76 теңгеден 326,63 теңгеге дейін өсті.
Сондай-ақ айта кететін жайт, акционердің Еуразиялық банктің 2020 жылғы пайдасын бөлу туралы шешімі қаржы реттегішінің Қазақстанның экономикасы үшін әлеуметтік маңызы бар ірі банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының талаптарына толықтай сәйкес келеді. Еуразиялық банк бұл бағдарламаға 2017 жылдан бері қатысып келеді, алайда оның акционерлері көптеген жылдар қатарынан алынған пайданы банктің дамуына жұмсауды жөн көріп, дивидендтерді үлестірген жоқ.
«Еуразиялық банк» АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz