logo
Қз

ЕУРАЗИЯЛЫҚ БАНК АҚСУДАҒЫ ЖҰМЫС ІСТЕМЕЙТІН БАНКОМАТТЫ ЖАРҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Пресс-релиз, Алматы қ., 2020 жылғы 28 ақпан

 

2020 жылдың 27 ақпаны күні сағат 22:39 Еуразиялық банктің Павлодар облысы, Ақсу қаласында орналасқан №1292 бөлімінде, өзіне өзі қызмет көрсету аймағында белгісіз біреу банкоматты жарып жіберді.

 

«Кузет и К» ЖШС-нің күзетшісінің айтуынша, ол өз қызмет орнында отырып, монитордан 22 сағат 18 минут шамасында өзіне өзі қызмет көрсету аумағына жас жігіттің кіргенін және банкоматқа қатысты күдікті іс-әрекет жасап жатқанына назар аударған. «Кузет и К» ЖШС-нің күзетшісі бірден жедел әрекет ету тобын шақыртқан.  Сол мезетте белгісіз ер адам банкоматтан алысырақ кетіп, содан соң қуатты жарылыс орын алған.

 

Абырой болғанда, оқиға орнында зардап шеккендер жоқ. Бұған қоса қаражаттарды тонау мақсатында жарылған банкомат техникалық профилактика себебімен 2020 жылғы 21 ақпаннан бері жұмыс істемеген және сол күні банк қызметкерлері ондағы барлық қаражатты алып алған болатын.    Банкоматтың өзінде оның жағдайы туралы хабарлама ілулі тұрған.

 

Қазіргі мезетте бөлімше 2020 жылғы 1 наурызға дейін жабық.  Барлық қалған бөлімшелер бұрынғы тәртіпте жұмыс істеуде және қаражатпен толық көлемде қамтамасыз етілген.

 

Банк құқық қорғау органдарына шағымданып, жолы болмаған қаскүнемді іздеу бойынша қажетті шаралар қабылдады. Сондай-ақ келешекте осындай жағдайлардың алдын алу шаралары қабылданды.

 

Банк ақшалы болудың заңсыз тәсілдерін іздемеуге шақырады және осындай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершіліктің бар екенін еске салады.

 

“Еуразиялық банк” АҚ-тың PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

еubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.