Пресс-релиз, Алматы қ., 2020 жылғы 28 ақпан
Еуразиялық банк клиенттерге және серіктестерге тәуелсіз халықаралық кеңесшілер мен аудиторлардың қатысуымен Ұлттық банк аяқтаған активтердің сапасын бағалау (AQR) нәтижелеріне қанағаттанатынын хабарлайды. AQR қорытындысы Еуразиялық банк акционерлерінің және басшылығының болжамдары мен тұспалдарына толық сәйкес келеді. Банк AQR ұсыныстарын ескере отырып, бизнес-стратегияны іске асыру және кредит қоржынының сапасын одан әрі жақсарту бойынша жоспарлы жұмысты жалғастырады.
AQR нәтижелері бойынша Ұлттық банк Еуразиялық банкті қолдау шаралары туралы жариялады, оның нәтижесінде меншікті капиталдың жеткіліктілігі 8-10% құрайды, бұл барлық реттеуші талаптарға сәйкес келеді.
“Еуразиялық банк Қазақстанның банк жүйесін нығайтуға бағытталған Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттіктің әрекеттерін толық қолдайды. AQR-ды халықаралық, неғұрлым қатаң стандарттар бойынша өткізу банк жүйесін, соның ішінде біздің банктің, еліміздің азаматтары, серіктестер мен инвесторлар алдында барынша ашықтығын қамтамасыз етеді.
Операциялық қызметтен түсетін қуатты қаржылық нәтижелер және акционерлер мен банк басшылығының мерзімі өткен берешекті тиімді басқаруға шоғырлануы 2019 жылы банкке талап етілгеннен 50% – ға артық резервтер қалыптастыруға мүмкіндік берді. AQR нәтижелері бойынша Банкке көрсетілген қолдау шаралары банк активтерінің сапасына байланысты барлық мәселелерді шешетіні анық.
Біз клиенттеріміздің сенімді серіктесі бола отырып, әмбебап банктің тиімді моделін теңгерімді дамытуға бағытталған стратегияны жүзеге асыруды сенімді түрде жалғастырамыз”, — деді банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.
2019 жылы банк өнімдерінің алуан түрлілігін 28%-ға дамыту есебінен маржиналдықты 6,13%-дан 7,58%-ға дейін ұлғайтты. Операциялық пайда 51%-ға өсіп, 59 миллиард теңгені құрады. 2019 жылдың соңына банк балансындағы жоғары өтімді активтердің үлесі 32%-ды құрады. Капиталдың жеткіліктілік коэффициенті Ұлттық банктің барлық нормативтеріне сәйкес келеді және 26,2%-ды құрайды*. Moody’s агенттігінің рейтингі – B2, болжамы “тұрақты”.
“Еуразиялық банк” АҚ — 25 жылдық даму тарихы бар, Қазақстандағы әлеуметті маңызды коммерциялық банк. Елдегі он ірі банктің қатарында, бөлшек банкинг нарығында жетекші позицияларға ие, корпоративтік клиенттерге және ШОБ субъектілеріне сан түрлі қызметтерді көрсетеді. Банктің жалғыз акционері Қазақстанның тау-кен металлургиялық кешенінің үштен бір бөлігін қамтитын ірі халықаралық әртараптандырылған компаниясы – “ERG” негізгі иелеріне тиесілі “Еуразиялық қаржы компаниясы” АҚ болып табылады.
* Ұлттық Банктің 01.01.2020 ж. ресми статистикалық есебінің деректері бойынша.
“Еуразиялық банк” АҚ-тың PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.
press@eubank.kz
еubank.kz