Баспасөз релизі, Алматы қ., 8 қыркүйек
Еуразиялық банк Қостанай облысындағы өрттердің салдарынан баспанасынан айырылған клиенттердің алған кредиттерін есептен шығару туралы шешім қабылдады.
“Көпжылдық тарихы бар, осы өңірде белсенді жұмыс істейтін біздік банк адамдар, олардың отбасылары мен бизнесі үшін қатты алаңдайды. Қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Біз апат кезінде үйлері толығымен жанып кеткен клиенттердің қолданыстағы кредиттерін есептен шығаруды ұйғардық”, — деді Еуразиялық банк басқармасының төрағасы Валентин Морозов.
Облыс тұрғындарына қолдау ретінде банк “Қайырымдылық KZ” бірыңғай қорына қаржылық көмек аударатын болады.