logo
Қз

Евразиялық банк 2021 жылы цифрлық трансформацияны жалғастыра отырып, табысын еселеді

2021 жылы банк акционерлер үшін ағымдағы кірістілік пен болашаққа салынатын инвестициялар – цифрлық трансформация арасындағы теңгерімді сақтауға бағытталған тұрақты өсу стратегиясын жоспарлы түрде іске асыруды жалғастырды.

 

Банктің табысы екі есе артып, 13 миллиард теңгені құрады (2020 жылы – 6,7 миллиард). Бұған несие портфелінің 13%-ға өсуі, тәуекелдерді басқару тәжірибесінің жақсаруы және транзакциялық кірістердің оза қарқындауы септігін тигізді.

 

Корпоративтік бизнестің несие қоржыны 27%-ға өсіп, 285 миллиард теңгені құрады. Өз бизнесіміздің осы сегментінде біз бизнес-модельдері, қаржылық жағдайы және іскерлік беделі біздің жоғарғы талаптарымызға сәйкес келетін қазіргі клиенттерімізбен қарым-қатынасты нығайта түсуге назар аударамыз. Сондай-ақ біздің банк нарықтағы сараптама көшбасшысы болғандықтан, экономика салаларындағы клиенттерді банкке тартуға ден қоямыз. Бұл стратегия клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделуге және жедел жауап қатуға, тәуекел деңгейін қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

 

Бөлшек бизнестің несие қоржыны 11%-ға өсіп, 511 миллиард теңгені құрады. Бұл сегментте біз банк үшін дәстүрлі қамсыздандырусыз кредит беру мен автокредит беру өнімдерін назарға алып, сонымен қатар біз үшін жаңа деуге болатын карточкалық бизнесті белсенді дамытудамыз. 2021 жылы біз бөлшек бизнесті цифрлық трансформациялауға көп көңіл бөліп, жыл соңына қарай барлық өнімдерімізді, соның ішінде ТМД-дағы бірінші онлайн автокредиттеу үрдісін клиенттерге цифрлық форматта ұсындық. Банк ай сайын ең болмағанда нарықтағы тенденцияларды талдау нәтижелеріне сүйеніп, әрбір өнім бойынша тәуекелдерді шолып отырады, бұл портфельдің өсуі мен қабылданатын тәуекелдің қолайлы деңгейін теңестіріп отыруға мүмкіндік береді.

 

2021 жылы цифрлық трансформацияға салынған инвестициялар 2021 жылы 371 млн теңгені құрады. 214 млн теңгені біз маңызды бағдарламалық-аппараттық кешендерді жаңғыртуға жұмсадық, бұл негізгі өнімдер мен қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ете отырып, сындарлы қосымшалардың қолжетімділігін 99,8% дейін арттыруға мүмкіндік берді. 156,9 млн теңге банктің барлық бөлшек өнімдері мен қызметтерін цифрлық форматта алуға мүмкіндік беретін, ұдайы дамып отыратын Smartbank флагмандық қосымшасымен қатар жаңа цифрлық өнімдер мен қызметтерді дамытуға инвестиция ретінде салынды. Цифрлық трансформация бойынша жұмыс істейтін әріптестердің еңбегіне ақы төлеу инвестициялары 4%-ға өсті, осы арқылы банк секторындағы өзіміз қатты құрметтейтін әріптестермен ғана емес, сондай-ақ экономиканың басқа да жоғары технологиялық секторларындағы компаниялармен тең бәсекелесіп, цифрлық таланттарды ашуға мүмкіндік алдық.

 

Осының бәрінде де біз банктің сенімділігін бірінші орынға қоямыз. Жыл соңында капиталдың жеткіліктілігі 12,2% құрады, бұл реттеу талаптарынан 3,7%-ға асып түсті. Өтімділігі жоғары активтердің деңгейі 49,5% құрады, біз банктің нарықтағы құбылмалылыққа бейімделу және клиенттеріміздің кредитке деген қажеттіліктеріне тез ден қою қабілетін қамтамасыз ету үшін әлемдік стандарттар бойынша жоғары болып саналатын осы “беріктік қорын” ұстап тұрмыз. Банктің Moody’s шкаласы бойынша рейтингі В2 және “тұрақты” деп бағаланды. Сонымен қатар халықаралық рейтинг агенттігі келесідей түсіндірме берді: «Moodys рейтингінің расталуы банктің тұрақты дамуына қатысты үміттердің үдеден шыққанын көрсетеді. Ұзақ мерзімді рейтингтер бойынша тұрақты болжам жасағанда банктің жеткілікті капиталдануына берілген баға, орнықты кірістілігі және жоғары өтімділігі ескерілуі тиіс, бұл инфляцияның жоғарылауы мен бизнес жүргізу шарттарының қатаңдануы салдарынан активтер сапасының нашарлап кету ықтималдығы тәуекелін басқаруға мүмкіндік береді».

 

2022 жылдың алғашқы 4 турбулентті айында банктің табысы 17 млрд құрады, бұл банктің күрделі сыртқы ортаға бейімделу қабілетін тағы бір рет растады.

 

Акционерлер мен банк қызметкерлерінің атынан мен клиенттеріміз бен серіктестерімізге өзара тиімді ынтымақтастық үшін алғыс айтамын және алда бәрі бұдан да жақсы болатынына сенемін.

 

Құрметпен,
Валентин Морозов

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.