logo
Қз

Еуразиялық банк шоттарды толықтыру мен кредиттерді өтеудің жаңа тәсілін енгізді

Алматы, 2020 жылғы 19 қазан

Еуразиялық банк ағымдағы шоттар мен депозиттерді толықтырудың, сондай-ақ Ресей мен ТМД елдеріндегі ең ірі электрондық төлемдер жүйесінің бірі “КиберПлат” (CyberPlat) көмегімен кредиттерді өтеудің ыңғайлы жаңа сервисін енгізді.

 

Еуразиялық банктің клиенттері сервисті осы қаржылық қызмет ұсынылған “КиберПлат” (CyberPlat) жүйесіне қосылған төлемдерді қабылдау орындарында пайдалана алады. Қазақстан бойынша барлығы 8 690 терминал бар.

 

Қарапайым төлем процедурасы 1-2 минутты алады, ал төлеушіні анықтау үшін ең аз ақпарат қажет. Өзіңіздің жеке сәйкестендіру нөміріңіз — ЖСН-ді көрсетсеңіз жеткілікті, одан кейін төлем мақсатын таңдап, қажетті соманы енгізсеңіз болды. Төлем операциясы нақты уақыт режимінде жүзеге асырылады, ақша қаражаты шотқа бірнеше секунд ішінде түседі және шот иесі олардың бар-жоғын бірден тексере алады.

 

Банк клиенттері депозиттерді комиссиясыз толықтыра алады, кредиттерді өтей алады және ағымдағы шоттарды енгізілетін сомадан 0,8% комиссиясымен толықтыра алады.

 

— Біздің клиенттеріміз қашықтан қызмет көрсету арналарына бірден келісумен оңай ауысады. Бұл әсіресе пандемия кезінде өзекті болды. Адамдарға Қазақстанның барлық аумағы бойынша төлемдердің қолжетімділігін, ыңғайлылығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз төлемдерді цифрландыру саласындағы жетекші компаниялардың бірін ынтымақтастыққа шақырдық, — деп түсіндірді Еуразиялық банктің басқарма төрағасының бөлшек бизнес жөніндегі орынбасары Иван Белохвостиков.

“КиберПлат” он бес жылдан астам уақыт бойы еліміздің қаржы саласының жетекші өкілдерімен әріптестікте Қазақстан Республикасында электрондық есеп айырысу нарығын ойдағыдай дамытып келеді. “Киберклат” (CyberPlat) технологиялық, ыңғайлы және қауіпсіз төлем шешімдері банктік қызметтерді пайдаланушылардың әртүрлі санаттарына арналған заманауи қызметтердің іске асырылуын тездетеді, олардың қолжетімділігін арттырады, банктерге сапалы клиенттік базаның тұрақты өсуін қамтамасыз етеді”, — деп атап өтті “Киберклат” (CyberPlat) электрондық төлемдер жүйесінің бас директоры Андрей Грибов.

 

“КИБЕРПЛАТ” ЖШҚ — Ресейдің жетекші электрондық төлем жүйесі. “КиберПлат” төлемдерді қабылдау ауқымы бойынша нарықтың көшбасшысы болып табылады: бүгінгі күні жүйе желісі бүкіл әлем бойынша 1,5 млн нүктені құрайды, ол 8 000-нан астам коммерциялық, муниципалдық және мемлекеттік қызметтер провайдерлерінің пайдасына төлемдерді қабылдайды.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі
+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401
press@eubank.kz
eubank.kz

 

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.