logo
Қз

Еуразиялық банк Қазақстанда алғашқы болып роботты пайдалануды бастады

Пресс-релиз, Алматы қ., 18 қараша 2019 жыл

 

Еуразиялық банк 2019 жылдың қазанынан бастап клиенттермен өзара әрекеттесу үдерісінде роботтарды пайдалануды бастады. Бір кезеңде банк роботтарды Soft collection бөлімінде кредиттер бойынша мерзімді кешіктіруге шыққан қарыз алушыларға қоңырау шалу үшін іске қосты. Банк Қазақстанда алғашқы болып өндіріп алу саласында клиенттермен дәлелді диалогтарды жүргізе алатын, уағдаластықтарды белгілей алатын және мерзімді кешіктіруге шығудың себептерін бастапқы кезеңнен бастап анықтай алатын жасанды интеллекті қолданды.

 

Нейрондық желінің базасында робот клиенттің қарым-қатынас тіліне – қазақ немесе орыс тіліне автоматты түрде ауыса алады. “Бір жұмыс айының ішінде робот-оператор автоинформаторға және тірі операторларға қарағанда жоғарырақ тиімділікті көрсетті. Робот темекі тарту үзілістеріне шықпайды, оған түскі үзіліс керек емес, ол күйзеліске төзімді және шаршамайды. Алғашқы тәжірибе көрсеткендей клиенттер әңгімеде әрдайым тілектес және эмоциялық күйзеліске түспейтін роботқа жылы шыраймен қарайтынын көрсетті” – деп өз пікірін айтты Еуразиялық банктің Басқарма Төрағасының орынбасары Иван Белохвостиков.

 

Бірте-бірте робот-операторға жүктеме өсетін болады. Бұл ретте банктің Soft collection қызметкерлері күнде қайталанып жасалатын істерден босатылады.

 

Болашақта Еуразиялық банк роботтарды қызмет көрсетудің басқа салаларында: қашықтықтан сатуларда (телемаркетингте), банктің анықтамалық қызметтерде, клиенттердің бейілділігінің деңгейін анықтау үшін сауалнамаларда (NPS) және т.б. жерлерде пайдалануды жоспарлауда. Робот клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыра алады, өйткені ол Web-сервистермен және деректер базаларымен оңай кіріктіріледі және клиенттерде бар сұрақтарға тез арада жауаптарды алуға мүмкіндік береді, оларды оператордан жауапты ұзақ күтуден босатады, қоңырауларды қайта қосу кезінде әр түрлі операторлардан бірдей ақпаратты қайта-қайта есту қажеттілігін азайтады.

 

“Еуразиялық банк” АҚ PR-қызметі

+7 (727) 259-95-99, ішкі: 4401.

press@eubank.kz

eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.