logo
Қз

Еуразиялық банк банк құрылтайшыларының бірі Алиджан Ибрагимовтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтады

Еуразиялық банк 3 ақпанда банктің негізін қалаушыларының және акционерлерінің бірі, қазақстандық ірі инвестор, ERG компаниялар тобының негізін қалаушы, кәсіпкер және танымал меценат Алиджан Рахманович Ибрагимовтың 67 жасында мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарлайды.

 

Алиджан Рахмановичтің тәуелсіз Қазақстанның экономикасын дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесін ескере отырып, бұл бүкіл ел, өнеркәсіп секторы, инвесторлық қоғамдастық, Қазақстанның қаржы саласы үшін орны толмас қаза болып табылады.

 

Әр уақытта Алиджан Ибрагимов “Қазақстан алюминийі” АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстанның тау-кен металлургия саласының флагмандарын біріктірген Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық Президиумының мүшесі болды, ал 2002-2007 жылдар аралығында “Қазхром” ТҰК” АҚ басқарды. Оның басшылығымен “Қазхром” ТҰК” АҚ 2002-2004 жылдар аралығында хром кендерінің қорлары мен өндіру көлемі бойынша әлемдегі екінші және феррохром өндірісі бойынша үшінші компания болды.

 

Сонымен қатар, Алиджан Рахмановичтің Қазақстанның банк секторының даму тарихында орны бар. Банк құрылғаннан бастап-ақ 1995 жылдан бастап 2000 жылға дейін Алиджан Рахманович Директорлар кеңесін басқарды, оның құрылуымен, оның қызметіне халықаралық жұмыс және қаржылық есептілік стандарттарын енгізумен жеке өзі айналысты. Оның күш салуының арқасында банк Қазақстанның ірі қаржы институттарының ондығына тез енді, екі филиалы бар шағын салалық банктен бүкіл ел бойынша тармақталған филиалдық желісі бар әмбебап қаржы институтына айналды және 26 жылдан бері Қазақстан нарығында тұрақты жұмыс істеп келеді.

 

Жылы жүзді, зиялы, жоғары білімді Алиджан Рахманович өзінің жанының  жомарттығымен және кеңдігімен, риясыздығымен ерекшеленетін еді. Ол жеке өзі қайырымдылықпен үнемі және жүйелі түрде  айналысқан, “Көмек” қайырымдылық қорын басқарған, мәдени жобаларға қолдау көрсеткен, Қазақстанда да, балалық және жастық шағы өткен Қырғызстанда да тарихи және рухани құндылықтарға қамқорлық көрсеткен. Алиджан Рахманович қазақстандық отбасыларды қолдап, балаларды әлемнің беделді оқу орындарында оқытуға қаржылай көмек көрсетіп отырған.

 

Соңғы әлеуметтік бастамалардың бірі Covid-19 пандемиясымен күресте қолдау болды: ол алғашқылардың бірі болып Павлодар облысы мен Алматы қаласына жеке қаражатынан 100 миллион теңге аударды. Бұл ретте ERG компаниясы Республикалық Birgemiz қорына 4 миллиард теңге аударды. Еуразиялық банкпен бірге Ибрагимовтардың жанұясы Қазақстан мен көршілес Қырғызстанның қалалары мен облыстарының ауруханаларына екі жүзден астам оттегі концентраттарын жеткізуді қамтамасыз етті.

 

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін Алиджан Ибрагимов “Құрмет”, III дәрежелі “Барыс” ордендерімен және “Парасат” орденімен марапатталды. Сондай-ақ бизнесті дамытуға және меценаттыққа қосқан елеулі үлесі үшін басқа елдердің қоғамдық ұйымдарының мемлекеттік марапаттары мен ордендері бар. Ал 2020 жылы COVID-19 пандемиясымен күреске қосқан елеулі үлесі үшін “Халық алғысы” — “Народная благодарность” қазақстандық медалімен марапатталды.

 

Еуразиялық банк ұжымы Алиджан Рахманович Ибрагимовтың отбасына, жақындарына, туыстарына және әріптестеріне көңіл айтады. Ол туралы естелік оның істері мен жобаларында, біздің жүрегімізде және Қазақстан тарихында қалады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.