logo
Қз

Еуразиялық банк Қазақстанда алғаш рет автокөлікті кепілден шығарып алу онлайн сервисін іске қосты

Алматы, 16 ақпан 2021 жыл

 

Еуразиялық банк Nume Group ЖШС-мен бірлесіп eubank.kz ресми сайтында  клиенттер үшін автокөліктерді кепілден шығарып алудың Қазақстандағы алғашқы онлайн-сервисін 2021 жылғы 15 ақпаннан бастап іске қосты.

 

 

“Бұл клиентке үйде отырып, банк сайтында өтінім беру арқылы автокөлікті кепілден шығарып алуына мүмкіндік беретін Қазақстандағы алғашқы және әзірге жалғыз сервис”, – деп хабарлады басқарма төрағасы Валентин Морозов.

 

 

Еуразиялық банк Қазақстандағы автонесие көшбасшыларының бірі ретінде аталған қызмет түріне деген сұраныстың жоғары екенін бағалап, цифрлық қызметтерді дамытудың жаңа стратегиясы шеңберінде осы шешімді әзірледі.

 

 

— Несие рәсімдеудің жолға қойылған процестері кезінде біз автонесие жабылғаннан кейін клиенттердің автокөлікті кепілден шығару қиындықтарына тап болатынын көрдік. Ол үшін клиент банктен анықтама алып, әкімшілік полиция органдарына барады, мемлекеттік баж салығын төлеп, құжаттарды кеңсеге тапсырып,  күтуге мәжбүр болады. Әр қадам сайын -кезекте тұру қажет, уақыт пен ресурстар шығындалады. Біз өз клиенттеріміз үшін осы жолды жақсартқымыз келді”, — деді Морозов мырза.

 

 

Автонесие өтелгеннен кейін, яғни соңғы төлем жасалғаннан кейін клиент банктен eubank.kz сілтемесі бар SMS алады, соған өтіп, ол өзінің аты- жөнін, ЖСН, автомобиль маркасын/моделін және тіркеу нөмірін көрсете отырып, өтінім бере алады, құжаттары өзгерген болса, жеке басын куәландыратын құжаттың және техникалық паспорттың сканерленген көшірмелерін қоса беруге болады. Өтінім рәсімдеудің қарапайым амалы 2-3 минутқа ғана созылады. Одан кейін өтінімді банк серіктесімен бірге қарап шығады. Құжаттар әкімшілік полиция органдарына тапсырылғаннан кейін клиент банк серіктесінен SMS-хабарлама алады және egov.kz жеке кабинетінен автокөлікті кепілден шығару барысын қадағалай алады.

 

 

Бұл рәсімнің құнын серіктес анықтайды, қазіргі уақытта клиент стандартты режимді таңдаса ол 12 990 теңгені және жеделдетілген режимде 19 990 теңгені құрайды. Стандартты режимде көлікті кепілден шығару өтінім берілгеннен кейін 1-3 күн ішінде, жеделдетілген режимде — 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Клиенттерге мемлекеттік баж салығын қосымша төлеудің қажеті жоқ. Бұл қызмет құнына банк серіктесінің мемлекеттік баж, банк комиссияларын төлеу, агенттердің қызметтерін төлеу шығындары және басқа да үстеме шығындар кіреді.

 

 

Анықтама:

Еуразиялық банк -26 жылдан астам тарихы бар Қазақстанның әлеуметтік маңызы бар банкі, жеке клиенттер үшін де, сондай-ақ шағын, орта және корпоративтік бизнес сегменттерінде қызмет көрсетеді. Банктің бүкіл ел бойынша 17 филиалы мен 114 бөлімшесі бар, алайда қазір банк негізгі қызметтерін қашықтан көрсету форматына көшіруде. Еуразиялық банк өз қызметі барысында бірнеше рет “Қазақстанның үздік банкі” немесе “Жыл банкі” атанды. 2020 жылы Еуразиялық банк “Сауданы қаржыландырудағы үздік банк” атағына ие болды.

 

 

Nume Group ЖШС 2012 жылы құрылған және Қазақстанның 18 қаласында жұмыс істейді. B2C сегментінде кепілдегі автокөліктерді есепке қою және тыйым салу, сондай-ақ ЕДБ қарыз алушыларының мүлкін бағалау қызметтерін жүзеге асырады. Компанияның стратегиясы бағалау қызметін дамытуға бағытталған.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.