logo
Қз

Еуразиялық банк желісіндегі атаулы оқиға!

08.04.2014, – Ақтау. Еуразиялық банк Ақтау қаласы, 8-ықшам аудан, 39 «Б» үй мекенжайында «Болашақ филиалы» үлгісінде жүзінші бөлімшесін ашты. Еуразиялық банк жедел және сапалы қызмет көрсететін жаңа үлгідегі офистер желісін екі жылдан бері табысты түрде дамытуда.
«Болашақ филиалы» жобасы Қазақстанның барлық өңірлерінде бірнеше жыл бұрын фантастика болып көрінген қызмет көрсету сапасы мен жеделдігін қамтамасыз етеді. Жаңа бөлімшелер желісі Еуразиялық банктің өнімдері мен қызметтерін барлық өңірлердің тұрғындары үшін бұрынғыдан да қолжетімді етеріне сенімдімін. «Болашақ филиалдарын» табу оңай – жаңа офистер үшін біз қала тұрғындарына қолайлы, жаяу жүргіншілер мен автомобиль қозғалысына бейімді орындарды таңдаймыз», – дейді Еуразиялық банктің Атқарушы директоры, «Болашақ филиалы» жобасының жетекшісі Дмитрий Николин.
Үздік қызмет көрсетумен қоса, «Болашақ филиалы» жобасы жаңа жұмыс орындарын да ашуда. 2013 жылы Еуразиялық банк өңірлерде аптасына жаңа үлгідегі бір бөлімшеден ашып отырды. Бөлімшелер заманауи банктік құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, менеджерлер жұмыстарында электрондық кассир-регуляторларды пайдаланады. Олар  клиенттердің кассаға бармай-ақ, қолма-қол ақшамен операцияларын жүргізуге мүмкіндік бере отырып, уақытын үнемдейді. Жаңа бөлімшелерде терминалдары мен банкоматтары бар өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары тәулік бойы жұмыс істейді. Болашақ филиалдарының қызметкерлері арнайы қосымша дайындық пен оқыту курстарынан өтеді. Маңғыстау облысында жаңа үлгіде барлығы алты бөлімше: Ақтауда төрт,  Жаңаөзенде екі болашақ офисі ашылған.
Өңірлік желіні дамыту бойынша таңдалған стратегияның тиімділігін сандық көрсеткіштер растайды. 2011 жылы клиенттер саны 150 мыңға жуық болатын, қазіргі уақытта – 900 мыңнан асады, ал осы жазда Банк миллионыншы клиентке арнайы жүлде беруді жоспарлап отыр. Филиалдық желіні белсенді дамытқан екі жыл ішінде Банк Asian Banking & Finance журналының «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» номинациясында екі рет марапатқа ие болды.
Бүгінгі таңда Еуразиялық банктің 20 филиалы, 143 бөлімшесі және соған қоса 2500-ге жуық сату орындары қызмет көрсетеді. Банк филиалдар мен бөлімшелер желісінің мөлшері бойынша Республикада бесінші орында (ҚҚК деректері). «Болашақ филиалы» жобасының келесі қадамы – бұрынғы бөлімшелерді жаңалау. Клиенттер, тұратын жерлеріне қатыссыз, ең сапалы қызметке қол жеткізуге лайық, деп санайды Еуразиялық банктегілер.

 

Анықтама:              
«Еуразиялық банк» АҚ – барлық сегменттің клиенттері үшін өнімдері мен қызметтерін ұсынушы әмбебап банк. 1994 жылы іргесі қаланған Банктің Қазақстанның барлық өңірлерінде 20 филиалы мен 143 бөлімшесі жұмыс істейді, Ресейде (Мәскеу қ.) еншілес банкі бар. S&P соңғы рейтингі: «оң» болжамымен В+, KZRating: халықаралық шкала бойынша ВВ+, ұлттық шкала бойынша А+, болжам «тұрақты». KASE мүшесі, KazPrime қатысушысы.
Банктің табысты қызметі 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік бөлшек банкі» (Asian Banking & Finance), 2012 ж. және 2013 ж. қорытындылары бойынша «Қазақстанның үздік банкі» (Euromoney) және 2012 ж. «Қазақстандағы жыл банкі» (The Banker) номинацияларындағы марапаттармен расталған.
«Еуразиялық банк» АҚ Баспасөз қызметі
тел. +7 (727) 2 599 599 (ішкі 4802)
press@eubank.kz
www.eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.