2026 жылғы 14 наурыздан 23 наурызға дейін Еуразиялық банк клиенттерді Digital Nauryz мерекелік науқанына қатысып, интернетте сатып алғаныңыз үшін қосымша бонус алуға шақырады.
Науқан кезінде банктік төлем карта иелері әрбір онлайн жасаған сауда сомасынан тағы 3% бонус ала алады.
Бұл бонустар Банктің қолданыстағы бонустық бағдарламасына қосымша есептеледі, оған сәйкес клиенттер қолма-қол ақшасыз сатып алғаны үшін 7%-ға дейін бонус алады.
Осылайша науқан күндері онлайн сатып алу одан да тиімдірек болады: клиенттер ниеттілік бағдарламасының әдеттегі бонустарын ала береді, ал Digital Nauryz оларға қосымша мерекелік бонус қосады.
Бонустар Еуразиялық банк картасын пайдалана отырып, тауарлар мен қызмет ақыларын интернетте төлегені үшін автоматты түрде есептеледі. Науқанға жеке тұлға-клиенттер-бонустық бағдарламаға қосылған Банктің төлем карта иелері қатыса алады. Транзакциялардың саны мен сомасы шектелмейді, операция карточкалық жүйеде расталғаннан кейін есептеледі.
Бонустық бағдарламаның ай сайынғы стандартты лимиттері аясында есептелініп, төлем картасының түріне байланысты (30 000-нан 100 000 бонусқа дейін) болады.
Бұл ретте “Ойын-сауық” санатына қарасты жасалған операциялар үшін бонус есептелмейді.
Digital Nauryz науқаны #DigitalNauryz2026 аясында жаңару және көктем мерекесінің құрметіне орайластырылған. Бұл өзіңіз бен жақындарыңызды сатып алған заттарыңызбен қуантуға, оларды онлайн төлеп, Еуразиялық банкпен бірге одан да көп бонустар алуға жақсы себеп болмақ.