Еуразиялық банктің Mastercard премиум және стандартты карта иелері наурыз айында тиімді ұсыныстарды пайдалана алады.
ПРЕМИУМ КАРТАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР:
1. Әуежай мейрамханаларындағы арнайы ұсыныстар
Дүниежүзі бойынша 1000-нан астам әуежай мейрамханаларында 10-25% жеңілдіктер мен £15/$20 сомасына ваучерлер беріледі.
2. Pinta желісінің барлық мәзіріне 10% жеңілдік
Mastercard премиум карталарымен төлем жасағанда 10% жеңілдік беріліп, кешіңіз бұрынғыдан да жағымды болады.
3. Ұлттық парктердің визит-орталықтарындағы қызметтерге 10% жеңілдік
Алтын Емел, Аюсай, Түрген, Батан және Шарын ұлттық парктерінің визит-орталықтарындағы экскурсия мен тұру ақысын Mastercard картасымен төлеп, 10% жеңілдік алыңыз.
Премиум карталарға арналған барлық ұсыныстармен сілтеме арқылы танысуға болады.
СТАНДАРТТЫ КАРТАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР:
1. NaMassage салонындағы спа-процедураларға 10% жеңілдік
Күнделікті күйбең тірліктен демалып, NaMassage салонының барлық қызметтерін Mastercard картасымен төлеу арқылы 10% жеңілдік алыңыз!
2. Mastercard картасымен толықтырған жағдайда сыйлыққа 5 жұлдыз
Starbucks картасын 3500 теңгеден басталатын сомаға Masterpass арқылы толтырып, Starbucks мобильді қосымшасында сыйлыққа 5 жұлдыз алыңыз. 15 жұлдыз = тегін кофе.
3. 3. Электрокарды қуаттауға 30% жеңілдік
Электрокарыңызды Qazaq Energy Charge қуаттау станцияларында әдеттегіден 30%-ға арзан зарядтаңыз. Vlife қосымшасындағы Mastercard Green 200 kW тарифіне айына 1 рет абонемент таңдап, зарядтандыруды кез келген Mastercard картасымен төлеңіз.
Стандартты карталарға арналған барлық ұсыныстармен сілтеме арқылы танысуға болады.
Mastercard картаңыздың артықшылықтарын пайдаланып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз!