logo
Қз

Жаз, смартфон және алаяқтар: балаларыңызды цифрлық қауіптен қорғаңыз

Жазғы каникул келісімен балалар интернетке көп уақыт бөледі, соны алаяқтар жиі пайдаланып келеді. Еуразиялық банк ата-аналарды ерекше назар аударуға шақырып,  балаларды цифрлық қауіптерден қалай қорғауға болатындығы туралы ұсыныстармен бөліседі.

 

Ең көп таралған схемалардың қатарына жалған мобильді ойындар, әлеуметтік желілердегі хабарламалар мен мектеп қызметтері түрінде ұсынылатын жалған қызметтер.  Алаяқтар өздерін мектеп қызметкерлері, оқу ісінің меңгерушісі немесе  куратор ретінде таныстырып, баладан дербес деректерді,  SMS-кодтарды немесе оның ата-анасы туралы ақпаратты сұратуы мүмкін.

 

Алаяқтар қалай әрекет етеді:

 

Схемалары күннен күнге күрделеніп, қаскүнемдер балалар мен жасөспірім аудиториясына бейімделеді. Казір қолданатын негізгі әдістері:

  • Танымал ойындардың жалған нұсқалары. Алаяқтар танымал ойынды бүркемеленіп, жалған қосымша құрады. Ішінде логиндер мен құпия сөздерді және банктік карта деректерін ұрлайтын зиянды код бар. Мұндай ойындар көбінесе ресми дүкендер арқылы емес, ойын чаттары, пікірлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылады.
  • “Мектептен” түскен жалған хабарламалар. Қылмыскерлер өздерін оқу ісің меңгерушісі немесе оқытушы ретінде таныстырады. Балаларға “оқу порталында” тіркеуден өтіп, дербес деректерді растауды немесе электрондық күнделікке кіру үшін SMS — кодын енгізуді сұрайды. Іс жүзінде бұл шынымен баланың құрылғысына қол жеткізу әрекеті.
  • Әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің аккаунттарын жалға алу. Жасөспірімдердің парақшасын уақытша жалдау арқылы оларға “оңай табыс” табу жолдары ұсынылады. Содан кейін бұл аккаунттарды фишинг, зиянды сілтеме жіберу және басқа пайдаланушыларға, көбінесе баланың өзінің достарының арасында шабуыл жасау үшін қолданады.
  • Емтихан жауаптарын “сатып алу” немесе қорытындыны алдын-ала білу сияқты жалған ұсыныстар. Әсіресе бұл ҰБТ, сынама тест және мемлекеттік емтихан кезінде кең таралған. Көбінесе мұндай ұсыныстар фишингтік сайттарға әкеледі немесе “кіру” ақысын талап еткеннен кейін  алаяқтар жоғалып кетеді.
  • Ойындардағы “тегін сыйлықтар”. Жаңартулар мен бонустар түрінде зиянды файлдар таратылады. Көбінесе олар құрылғыға қосымша рұқсаттарды орнатуды талап етеді — мысалы, хабарламаларға немесе байланыс тізіміне кіру.


Еуразиялық банктің ата-аналарға беретін кеңесі:

  • Балаңыздың құрылғысына антивирустық БЖ-ны орнатып, ата-ана бақылауын қосып қойыңыз.
  • Балаңызға  SMS коды мен дербес деректерді ешкімге айтуға болмайтынын түсіндіріңіз
  • Қосымшаларды тек ресми дүкендерден ғана орнатуға рұқсат етіңіз ((App Store, Google Play, RuStore).
  • Құрылғыға қандай қосымшалардың орнатылғанын және олар қандай рұқсат сұрайтынын үнемі тексеріп отырыңыз.
  • Балаңызбен интернеттегі қауіпсіздік туралы ашық диалог жүргізуді қолдаңыз.

 

Балаларыңыз бен олардың деректерін қорғаңыз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.