logo
Қз

Антифрод-орталығы жұмыстарының қорытындысы: 1,4 млрд теңгеден астам күдікті операциялар бұғатталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алаяқтық белгілер анықталған жағдайда, қаржы ұйымдары операциялардың орындалуын тоқтата тұруға немесе өз клииенттерінің шоттарындағы ақша қаражаттарын бұғаттауға құылы.  Бұл клиенттің өтініші негізінде де, құқық қорғау органдарынан расталған ақпаратты алған кезде де де жасалуы мүмкін. Сондай-ақ банктер күдікті транзакциялар анықталған кезде операцияларды өз бетінше тоқтата алады.

 

Бүгінгі таңда Еуразиялық банк Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығымен және басқа ЕДБ-мен бірлесіп алаяқтық операцияларды анықтау және алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

 

ҚРҰБ деректеріне сәйкес соңғы 6 айда 17 802 алаяқтық оқиға тіркелгені, шамамен 1,5 миллиард теңгені бұғаттауға әкеп соқты.  Осы соманың 1,1 миллиард теңгесі жөнелтуші банктің, ал 343,4 миллион теңгесі алушы банктің тарапынан бұғатталды. Зардап шеккен клиенттерге 88,9 миллион теңге қайтарылды.

 

Антифрод-орталығының ақпараттары бойынша едәуір кең тараған алаяқтық түрі: телефон арқылы – жалпы оқиғаның 26,2%-ы, жалған инвестициядан – 19,5%, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы – 15,9%.

 

Антифрод-орталығы деректерінің базасындағы тұлғаларға қойылған шектеулерді қаржы ұйымдары құқық органдарының шешімдері негізінде ғана шешуі мүмкін.  деректер базасына енген жағдайда азаматтар қаржы ұйымдарына өздерінің оқиғаларына жауапты құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелері туралы ақпаратты алу үшін жүгінуі керек.  Содан кейін базаға енгізу себебін нақтылап, шектеулерді алу рәсімі туралы ақпарат алу үшін тиісті бөлімшелерге жүгіну керек.

 

Еуразиялық банк клиенттері

+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Tele/Altel;
+7 (702) 010-77-22 — Kcell/activ нөмірлері бойынша тәулік бойы қоңырау соға алады.

 

Егер сіз алаяқтық әрекет фактілері немесе басқа себептер бойынша шағым қалдырғыңыз келсе https://eubank.kz/feedback/ сілтемесі бойынша өтіп, нысанды толтырыңыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.