logo
Қз

2025 жылдың 26 қыркүйегінен бастап Affluent картасының стандартты өнім тарифіндегі өзгеріс күшіне енеді

“Еуразиялық банк” АҚ Affluent картасының стандартты тарифі бойынша тарифтер, глоссарий мен ескертпеге толықтыру/өзгерістер енгізілетін туралы хабарлайды

 

Ұсынылатын редакция

 

Тарифтердің атауы Алынатын комиссия
5-БЛОК. Жеке тұлғаларға арналған карталар бойынша Банк тарифтері Affluent
MasterCard World Elite/Visa Infinite
1. Ақша аударымдары  
1.1.   Картаны шығару, шотқа қызмет көрсету  
1.1.1. Ай сайынғы төлем 4 000 теңге/0 теңге

 

Жеке тұлғалардың төлем карточкалары бойынша базалық (стандартты) тарифтер жинағына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

 

Глоссарий:
Банк – “Еуразиялық банк” АҚ    
Бизнес-залдар– премиум сегменттегі карта болған кезде бүкіл әлем бойынша әуежайлардағы бизнес-залдарға (Lounge Key және DragonPass бағдарламалары бойынша) тегін кіру ұсынылады. MasterCard World Elite және Visa Infinite карталарын ұстаушылар (карта бойынша айналымдар орындалған жағдайда) шектеусіз кіре алады. Mastercard World Black Edition және Visa Signature карталарын ұстаушылар (карта бойынша айналымдар орындалған жағдайда) жылына 10 рет кіре алады. Mastercard World Black Edition және Visa Signature карталары бойынша кіру лимитінен асқан кезде ілесіп жүруші үшін кіру құны – 32$ (бір келуші үшін, бір рет кіруі). Қызмет туралы толығырақ: Visa карталары бойынша – https://www.visa.com.kz/ru_KZ/pay-with-visa/promotions/airport-lounge-access.html, Mastercard карталары бойынша – https://www.loungekey.com/ru
карта– Карта ұстаушыға карточкалық операцияларды жасауға мүмкіндік беретін, Банк шығаратын төлем карточкасы.
клиент– Картаны пайдаланатын жеке тұлға.
Есепті кезең– күнтізбелік айдың соңғы күнтізбелік күні.
СҚК – сауда және қызмет көрсету кәсіпорындары.  
“Smartbank” мобильді қосымшасы – “Smartbank” жеке тұлғаларға қашықтықтан банктік қызмет көрсету жүйесі.    
ЖТЖ 2.0. – Қазақстан ішіндегі клиенттің картасына (Jusan Bank, Қазпошта, Bereke Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, Банк Фридом Финанс Қазақстан, Банк RBK, Жеке касса (Aitu wallet), Altyn Bank, Нұрбанк және HomeCreditBank) телефон нөмірі бойынша 24/7 режимінде банкаралық аударымдар мен төлемдерді жылдам жүргізуге арналған жедел төлемдер жүйесі.
ағымдағы шот– Карталарды пайдаланбай, есеп айырысу операцияларын жасауға арналған жеке тұлғалардың шоты.
Жинақ шоты –ақшаны сақтауға және қалдыққа пайыз алуға арналған жеке тұлғалардың шоты.
алынып тасталсын
отбасы мүшелері– ата-аналар, асырап алушылар, жұбайы, зайыбы, кәмелетке толған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен әпке-сіңлілері, сондай-ақ Клиенттің отбасы мүшелері болып есептелетін өзге де туыстары;
Affluent – Affluent санатындағы клиенттер үшін шығарылатын өнім. Affluent клиенттер тобына “Еуразиялық банк” АҚ банктік және өзге де қызметтерді көрсетудің стандартты талаптарына (Қосылу шарты) (бұдан әрі – Стандартты талабы/Қосылу шарты) қосылған және төмендегі белгілердің біріне сәйкес келетін клиенттер мен олардың отбасының бір мүшесі жатады:
1) жиынтығында ағымдағы және/немесе жинақ шотындағы қалдықпен қоса:
а) 30 000 000 (отыз миллион) теңгеден бастап немесе Алматы мен Астана қаласындағы Банк филиалдары үшін басқа валютадағы баламасы;
b) 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден бастап немесе Банктің басқа филиалдары үшін басқа валютадағы баламасы.
2) есепті кезеңге дейінгі соңғы 3 ай ішінде картаға немесе ағымдағы шотқа 1 000 000 (бір миллион) теңге және одан астам сомада жалақы алады;
3) Affluent бағдарламасы бойынша қызмет көрсету үшін комиссияны төледі.
4) есепті айдан кейінгі айдың соңына дейін ағымдағы және/немесе жинақ шотындағы қалдықтарды жиынтығында қалпына келтіру талабымен, ағымдағы және/немесе жинақ шотындағы қалдықтарды жиынтығында есепті кезеңге 30 000 000 (отыз миллион) теңгенің 20%-ына (қоса алғанда) немесе Алматы мен Астана қаласының Банк филиалдары үшін басқа валютадағы баламасына және 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден бастап немесе Банктің басқа филиалдары үшін басқа валютадағы баламасы шегінде төмендеткен клиенттер;
Ағымдағы және/немесе жинақ шотында жиынтығында 30 000 000 (отыз миллион) теңгенің 20%-нан (қоса алғанда) немесе Алматы мен Астана қаласындағы Банк филиалдары үшін басқа валютадағы баламадан төмен және 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден 20%-нан немесе Банктің басқа филиалдар үшін басқа валютадағы баламадан төмен болып, шотта қатарынан 30 күнтізбелік күннен аз уақыт болған немесе жалақы сомасы азайған жағдайда, Банк ағымдағы айда картаға қызмет көрсету үшін ай сайынғы комиссияны есептейді және есептен шығарады.   Картаға қызмет көрсету үшін ай сайын төленетін комиссияны Банк есепті кезеңде есептейді және есептен шығарады. Бір ашық жинақ шоты үшін тек 1 негізгі карта және жеңілдікті талаптармен 1 қосымша карта (отбасы мүшелері үшін) қарастырылған. Картаға қызмет көрсету үшін ай сайынғы комиссияның мөлшерін өзгерту клиенттің қызмет көрсету талаптарының өзгеруі туралы өтінішпен Банктің бөлімшесіне/филиалына жүгінген мезеттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Жеңілдікті талаптар клиенттің өтініші орындалған күннен бастап ұсынылады.
Клиент талапты сақтамаған жағдайда, картаға ай сайынғы қызмет көрсету бойынша жеңілдікті талаптың қолданылуы тоқтатылады. Жеңілдікті талаптарды қалпына келтіру үшін клиент қызмет көрсету талаптарын өзгерту туралы өтінішпен Банктің бөлімшесіне/филиалына қайта жүгінуі қажет.
 
Ескертпелер:
1 ҚҚС есебімен
2 жылына бір рет ұсталады
3 банкоматқа қызмет көрсететін банк жекелеген жағдайларда қолма-қол ақша беру үшін қосымша комиссия алуы мүмкін  
4 аталған операция «Smartbank» ҚБҚЖ-де сәтті орындалған жағдайда берілген лимиттен асып кеткен PIN-кодты терудің сәтсіз әрекеттерінің саны  автоматты түрде бастапқы қалпына келтіріледі, бұл ретте PIN-код есептеуішін бастапқы мәнге келтіру үшін комиссия алынбайды.
5 бір қосымша Visa Gold/Mastercard World картасы тегін, негізгі ұстаушыға сақтандыру сертификаты және негізгі карта ұстаушыға арналған консьерж қызметі
6 банкоматқа қызмет көрсететін банк жекелеген жағдайларда қолма-қол ақша беру үшін қосымша комиссия алуы мүмкін    
7 егер клиентте Жалақы картасы (басшы үшін) болса және өзі Affluent санатындағы клиенттерге қойылатын талаптарға сәйкес келсе, Жалақы картасы тарифтерін (басшы үшін) қолдана отырып Mastercard World Elite/Visa Infinite пластигінде карта шығаруға рұқсат етіледі
8 жинақ шотын, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар, әлеуметтік төлемдер немесе мемлекеттік бюджеттен және (немесе) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақылар, сондай-ақ алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды асырауға арналған ақшаны) есептеуге арналған шоттарды қоспағанда
9 0 теңгеге тең ай сайынғы төлем келесі жағдайларда қолданылады:

1) жиынтығында ағымдағы және/немесе жинақ шотындағы қалдықпен қоса:
а) 30 000 000 (отыз миллион) теңгеден бастап немесе Алматы мен Астана қаласындағы Банк филиалдары үшін басқа валютадағы баламасы;
b) 20 000 000 (жиырма миллион) теңгеден бастап немесе Банктің басқа филиалдары үшін басқа валютадағы баламасы.
2) есепті кезеңге дейінгі соңғы 3 ай ішінде картаға немесе ағымдағы шотқа 1 000 000 (бір миллион) теңге және одан астам сомада жалақы алады;
3) Affluent бағдарламасы бойынша қызмет көрсету үшін комиссияны төледі.
4) есепті айдан кейінгі айдың соңына дейін шекті мәндерді қалпына келтіру талабымен есепті күнге а) және b) тармақшалары бойынша шекті мәндерді 20% шегінде төмендеткен клиенттер

 

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.