logo
Қз

2023 жылғы 6 ақпанда жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасы бойынша электрондық кезек іске қосылады

Жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасының операторы Өнеркәсіпті Дамыту Қоры жеңілдікпен автонесие беру бағдарламасына қатысу туралы өтінімдерді қабылдап, клиенттерді электрондық кезекке қоятын аutonesie.kz пилоттық платформасының іске қосылғанын жариялады. Электрондық кезек алу 2023 жылғы 6 ақпанда сағат 10:00-де басталады.

 

Онлайн-өтінім беру тәртібі туралы толығырақ ақпаратты оператордың autonesie.kz платформасының сайтынан алуға болады. Өтініміңіз autonesie.kz платформасында мақұлданып, дилерлік көлік орталығынан төлем жасауға шот алғаннын кейін несие алуға өтінім беру үшін Еуразиялық банкке жүгіне аласыз. Электрондық кезек банктің бақылауында емес.

 

Жеңілдікпен автонесие алу тәртібі:   

 

1) ЖСН бойынша және ЭЦҚ-кілт арқылы autonesie.kz сайтында тіркелу.

2) Дилерлік орталықтан төлем шотын алу.

3) Төлем шотын банкке ұсыну және өтінім беру.

4) Банктің мақұлдауына ие болу және кепілдік хатын алу.

5) Сатып алу-сату шартына қол қою және, қажет болған жағдайда, бастапқы жарнаны төлеу.

6) Автокөлікті есепке қою және мемлекеттік нөмір мен техникалық паспорт алу.

7) Автомобильді табыстау.

 

Өтініміңіз мақұлданбаған жағдайда, несие басқа адамдардың атына рәсімделмейді. Мақұлданбаған өтінімдер бойынша қаражат портал қайта ашылатын кезде келесі айға ауыстырылатын болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.