logo
Қз

«Туристік Қамқор» қорының пайдасына шығарылған алғашқы кепілдік қазақстандықтардың үйге қайту құқықтарына кепілдік береді

Еуразиялық банк енді шетелдегі қауіпсіздікті кепілдендіру жүйесіне қатысушы – туроператорлар үшін кепілдік шығара отырып, турист-азаматтардың құқықтарын қорғауға қатысады.  Банктен кепілдікке тапсырыс берген бірінші клиент “Онлайн-Экспресс” ЖШС туристік компаниясы болды.

 

2016 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы” Заңы бойынша туроператор немесе жалдаушы-туроператор өз міндеттемелерін орындамаған не орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, ҚР азаматтарын келген елден қайтаруды қамтамасыз етуге бағытталған жүйе енгізілді.

 

Осы заңға сәйкес туроператорлар мен жалдаушы-туроператорлар “Туристік Қамқор” қорының пайдасына банктік кепілдіктер ресімдеуге міндетті.  2019 жылы туроператорларға арналған банктік кепілдіктер сомасы 5 000 АЕК (12 625 000 теңге), жалдаушы-туроператорлар үшін — 15 000 АЕК (37 875 000 теңге) құрайды. Мұндай шешім Қазақстандықтардың шетелден қайтып оралуына кепілдік береді.

 

Қазіргі уақытта Еуразиялық банк “Туристік Қамқор” қорының пайдасына кепілдік шығару үшін басқа туроператорларды тарту бойынша жұмыстарды жүргізуде, өйткені компаниялар кепілдік беру жүйесіне көп қосылған сайын, шетелде Қазақстаннан келген туристер соғұрлым қорғалған болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.