Интернет қызметтерін Mastercard премиум картасын ұстаушылар үшін Flexiroam қосымшасы арқылы ромуингте тегін бірегей пайдалану мүмкіндігі ұсынылады. Енді бүкіл әлем бойынша қосымша шығындарсыз байланыста болуға мүмкіндік беретін Flexifoam қосымшасын пайдалану одан да ыңғайлы болды.
Flexiroam қосымшасын пайдалану нұсқаулығы:
1. Flexiroam қосымшасын жүктеп, орнатыңыз;
2. Кіру/Тіркелу;
3. бағдарламаға қатысу үшін өзіңіздің Mastercard деректерін енгізіңіз;
4. “Аккаунт” бөліміне өтіп, “Менің SIM”-ді таңдаңыз;
5. “Менің SIM” бөлімінен Global eSIM-ді таңдап, “Орнату” дегенді басыңыз;
6. eSIM іске қосылғанын аяқтау үшін өзіңіздің смартфоныңыздағы нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз;
7. Өзіңіздің смартфоныңыздағы нұсқаулық бойынша әрекет етіңіз де, “Рұқсат ету” батырмасын басу арқылы жаңа eSIM-і іске қосыңыз;
8. орнату барысында немесе орнатып болғаннан кейін ыңғайлы пайдалану үшін өзіңіздің жаңа eSIM-дің атын таңдауға болады, мысалы: FlexiRoam;
9. Flexiroam eSIM іске қосылып, смартфон параметрлерінде негізгі қосылым профилі ретінде таңдалғанына көз жеткізіңіз;
10. “Аккаунт” бөліміне өтіп, “Менің жоспарларым”-ді таңдаңыз;
11. Таңдалған деректер пакетін басыңыз. Деректер пакетін бірден іске қосыңыз немесе іске қосуға қолайлы күнді таңдаңыз;
12. Егер FlexiRoam командасынан көмек алу қажет болғанда, “Анықтама орталығы” бөліміне өтіңіз немесе тиісті сілтеме белгішесін басыңыз;
13. Өзіңізге қажет байланыс әдісін таңдаңыз.