logo
Қз

Бұрын және қазір: Еуразиялық банктің айтарлықтай жақсартулары

Клиентке бағдарлану Еуразиялық банк үшін дамудың басым бағыты болып қала береді. Біз клиенттеріміздің адалдығын шамалауды, олардың кезіккен мәселелерін анықтауды және клиенттік тәжірибені талдауды, ал ең бастысы — қызметтер мен өнімдерді жақсартуды, оларды пайдаланушыларға ыңғайлы етуді жалғастырамыз.

 

Біз бұрын болған және қазіргі секілді Еуразиялық банкте клиенттер үшін кішкентай жеңістермен бөлісеміз.

 

Депозиттер бойынша жақсартулар

 

Бұрын: Клиент депозитті ашқан бөлімшеде ғана оны жаба алатын.

Қазір: Енді депозиттік шотты банктің кез келген бөлімшесінен жабуға болады.

 

Бұрын: Филиалда/бөлімшеде салымды ашу немесе жинақ немесе ағымдағы шоттан қаражат алу кезінде клиентке шот ашылған кезде қағаз тасығышта берілген рұқсат-код (PIN PUD) көмегімен авторландырудан өту қажет болатын. Көбінесе клиент PIN PUD-ты ұмытып қалатын, ал оны қалпына келтіруге уақыт қажет болатын еді.

Қазір: Депозитті ашу немесе қаражатты алу кезінде клиенттің телефонына бір реттік код — СМС жолданады, оның көмегімен клиент авторланудан бірден өте алады!

 

PayDA бөліп төлеу картасы бойынша жақсартулар

 

Бұрын: Бұрын Smartbank қосымшасында PayDA бөліп төлеу картасын басқа банктің картасымен толықтыруға болмайтын еді. Клиент алдымен қаражатты өзінің ағымдағы шотына/картасына аударатын, содан кейін өз шотынан/картасынан PayDA картасына толықтыратын.

Қазір: Қазір Android-ғы Smartbank қосымшасында клиент басқа банктің картасынан PayDa бөліп төлеу картасын тікелей толықтыра алады.

 

Smartbank-ғы жақсартулар

 

Бұрын: Smartbank-та валюталық шотты онлайн түрде ашу қызметі жоқ болатын.   Оны ашу үшін клиент банк бөлімшесіне келу қажет еді.

Бұрын: Smartbank-та валюталық шотты онлайн түрде және сол мезетте ашуға болады!

 

Бұрын: Smartbank қосымшасының ұялы нұсқасында кредиттерді басқа банктің карталарымен өтеу мүмкіндігі жоқ болатын.

Бұрын:  Smartbank қосымшасының ұялы нұсқасында кредиттерді Қазақстанның банкі шығарған кез келген VISA/Mastercard карталарымен (Kaspi Gold пен Beeline карталарын қоспағанда) өтеуге болады .

 

Автокредит берудегі жақсартулар

 

Бұрын: Клиент автокредит ресімдеу кезінде ақшаның автосалонға түскені туралы, көлікті қашан алуға болатыны жайлы білмейтін еді, хабарлама жасалмайтын.

Қазір: Клиентке автоорталықтың шотына қаражаттың түскені туралы, автомобильді салоннан алу мүмкіндігі туралы СМС-хабарлаулар келеді.

 

Бұрын: Автокредит ресімдеген клиенттерге СМС-хабарлаулар қызметі жоқ болатын, оларға төлем, қаражаттың есептелгені туралы, есептен шығарулар туралы, МІТ/МТТ туралы, кредитті толық өтеу туралы еске салулар келмейтін еді.

Болған: Клиент автокредит ресімдеу кезінде ақылы СМС-хабарлаулар қызметін сатып алып,   төлем, қаражаттың есептелгені туралы, есептен шығарулар жайлы, МІТ/МТТ туралы және кредитті толық өтеу туралы толық ақпарат ала алады.

 

Біз өз клиенттерімізді тыңдаймыз, айтқандарына құлақ асып, әрекет етеміз!

 

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.