logo
Қз

Еуразиялық банк бонустық бағдарламаға өзгерістер енгізеді

Біз 2025 жылғы 1 наурыздан бастап бонустық бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгіземіз. Жаңашылдықтың басты мақсаты – клиенттерге күнделікті тауар сатып алу барысында көбірек бонус алуға мүмкіндік беру.

 

Не өзгереді?

 

1. Токенделген картаны жанастырусыз (Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay, Garmin pay) тауар сатып алу үшін бонустар*

 

Бонустар  клиенттің өткен айдағы қолма-қол ақшасыз айналымына байланысты жаңа жүйе бойынша есептелетін болады.

 

Бұрын белгіленген 2% бонустың орнына, клиенттер әрбір тауар сатып алу үшін 3%-ға дейін табыс таба алады:

— Егер сіздің банктің төлем карточкалары бойынша қолма-қол ақшасыз айналымыңыз өткен айда 150 000 теңгеге дейінгі соманы құраса, ағымдағы айда сіз 1% бонус аласыз.

—  150 001 теңгеден 300 000 теңгеге дейінгі айналым кезінде бонус 2%-ды құрайды.

— Егер сіздің айналымыңыз 300 000 теңгеден асса, сіз 3% бонус аласыз.

 

2. Туған күнге бонус

Туған күнге бонустың ай сайынғы лимиті болады – 100 000 теңге. Төлем карточкалары бойынша стандартты ай сайынғы лимиттерге қосымша.

 

3. Интернетте тауар сатып алу

Біз Apple Pay / Samsung Pay/Google Pay арқылы тауар сатып алу кезінде клиенттер үшін заманауи төлем технологияларын қолдауға тырысамыз.

Сондықтан төлем карточкасының деректемелерін пайдалана отырып, төлем жасаған кезде, интернетте тауар сатып алу үшін бонус есептеу тоқтатылады.

 

4. Кейбір карталар мен пакеттер бойынша бонус есептеуді жою.

Vanilla, Балалар картасы, Visa Platinum, Mastercard Standard және Visa Classic мұрағаттық төлем карточкалары мен пакеттері бойынша бонус есептеу тоқтатылады. Сол арқылы  біз клиенттерге банктің карталық өнімдерінің өзекті өнімдер желісінің барлық артықшылықтарын пайдалану мүмкіндігін ұсынғымыз келеді.

 

Бұл жаңашылдық бізге сенім білдіретін және карталарымызды белсенді пайдаланатын клиенттер үшін барынша тиімді әрі қолайлы жағдай жасайды деп сенеміз.

 

Бұл ретте депозиттегі қалдықтар үшін бонустар 2%-ға дейін және сүйікті санаттар бойынша 30%-ға дейін өзгеріссіз есептеледі. Жалпы алғанда, клиенттер бұрынғыдай 35%-ға дейін бонус ала алады.

 

Бонустарды есептеудің жаңа мөлшерлемелерімен мына жерде танысуға болады.

 

*POS-терминалдарда және интернетте тауар сатып алу сомасынан есептеледі.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.