logo
Қз

Еуразиялық банк халықаралық төлемдерге арналған ISO жаңа стандартын енгізеді, сондай-ақ жүйелер мен процестерге техникалық дайындық жүргізеді

Құрметті клиенттер!

 

Қазақстанның банктік секторында 2025 жылғы 20-21 қарашада маңызды кезең – шетел валютасындағы төлемдерді SWIFT желісі арқылы жүзеге асырған кезде ISO 20022 халықаралық стандартына көшу жұмыстары аяқталады. Ұлттық Банкі және Еуразиялық банкпен қоса, екінші деңгейдегі барлық банктер төлемдердің барынша заманауи әрі сенімді форматын қамтамасыз ету үшін кешенді техникалық және жаңарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

Сонымен қатар 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне дайындық жүргізілуде, бұл да жүйелер мен процестерге техникалық түзетулерді талап етеді.

 

Біз осы жұмыстардың қалыпты қызмет көрсетудің жылдамдығы мен сапасына әсер етпеуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Алайда жекелеген жағдайларда, төлемдерді жүргізген кезде қысқа мерзімді кідірістер немесе іркілістер болуы мүмкін.

 

Жылдың соңы әдетте маңызды қаржы операцияларын жоспарлау және аяқтауға байланысты болатынын ескере отырып, біз жүйелердегі жаңартулар сіздерге байқалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Сонымен қатар қажетті төлемдер туралы алдын ала қамданып, мүмкіндігінше оларды соңғы күнге қалдырмай төлеуге кеңес береміз — бұл жаңартулар кезіндегі қолайсыз жайттардың алдын алуға көмектеседі.

 

Түсіністікпен қарап, сенім артқандарыңыз үшін рақмет! Жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы болашақта жүргізілетін операциялардың бұрынғыдан да жылдам, тұрақты әрі қауіпсіз өтуіне бағытталған.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.