2025 жылғы 1 наурыздан бастап Smartbank мобильді қосымшасындағы кредит бойынша ай сайынғы төлемдерді тек Еуразиялық банк карталарымен ғана төлеу қолжетімді болады.
Сіз өзіңіздің Еуразиялық банк картаңызды басқа банк карталарынан Smartbank мобильді қосымшасы арқылы толықтыра аласыз.
Ол үшін:
1. Қосымшаға кіріңіз.
2. Өзіңіздің картаңызды таңдап, “Картаны толықтыруды” басыңыз.
3. “Өз шотыңызға аудару” бөліміндегі “Қайда” жолына карта нөмірін енгізетін жолды таңдаңыз.
4. Карта нөмірін, айын/жылын, жарамдылық мерзімі мен CVV-кодын енгізіңіз.
5. Картаны дұрыс таңдағаныңызды “Қайда” жолынан тексеріп, “Аудару” командасын басыңыз.
6. Ашылған терезеден аударатын сомаңызды тексеріп, “Растау” командасын басыңыз.
7. Бір реттік 3D Secure құпия сөзін алғаннан кейін оны енгізіп, “Жіберу” командасын басыңыз.
Содан кейін сіз кредит бойынша ай сайынғы төлемді Еуразиялық банк картасымен төлей аласыз.
Егер Сізде Еуразиялық банк картасы болмаса, оны банктің кез келген бөлімшесінен немесе Smartbank мобильді қосымшасы арқылы ашуға болады.
Сіз ай сайынғы төлемді Еуразиялық банктің немесе Қазпошта бөлімшесінің кассасы арқылы, сондай-ақ “Касса24” терминалдары арқылы төлей аласыз. Қызмет көрсетілгені үшін комиссия алынбайды.