logo
Қз

Кредиторлар, қарыз алушылар, клиенттер, корреспонденттер мен басқа да мүдделі тұлғаларға

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қолдауларыңыз бен сенімдеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз!

 

Алдында хабарланғандай, 2015 жылғы 30 желтоқсанда «Еуразиялық банк» АҚ (бұдан әрі мәтін бойынша «Банк») «БанкПозитив Қазақстан» АҚ-тың (Апоалим Б.М. банкінің еншілес банкі) 100% акциясын сатып алды.

 

Кейінірек Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік қайта тіркеуге сәйкес «БанкПозитив Қазақстан» АҚ-тың (Апоалим Б.М. банкінің еншілес банкі) аты «EU Bank» АҚ («Еуразиялық банк» АҚ ЕБ) (бұдан әрі мәтін бойынша «Еншілес банк») болып өзгертілді.

 

2016 жылғы «03» мамырда  Банк Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінен оған Еншілес банкті қосу түрінде ерікті қайта ұйымдастыру (бұдан әрі – «Қайта ұйымдастыру») жүргізуге рұқсат алды.

 

Қайта ұйымдастыру шеңберінде 2016 жылғы «03» мамырда Еншілес банк пен Банк арасында табыстау актісі жасалып, осыған сәйкес Еншілес банктің барлық мүліктері, құқықтары мен міндеттері Банкке берілді.

 

Осыған байланысты кредиторлардың назарына Еншілес банкке қойылатын барлық талаптарға құқықтық мұрагер ретінде Банк жауап беретінін хабарлаймыз.

 

Қайта ұйымдастыру Банктің ұйымдық-құқықтық нысанын, орналасқан жерін, лицензиясы мен деректемелерін өзгертпейді, сонымен қатар Банктің депозиторларымен, клиенттерімен, корреспонденттері мен қарыз алушыларымен Банктің құқықтық қатынастарының тараптарының, нысандары мен маңызының өзгеруіне әсер етпейді.

 

Актісі қосымша салынған жазбаша хабарлама Банк кредиторларына жетпеген жағдайда кредиторлар бұндай хабарламаны Алматы қ., Қонаев к-сі 56 мекенжайынан алуға құқылы. Өзіңізбен бірге жеке басты куәландырушы құжатты, сенімхаттарды (егер тұлға кредитордың өкілі болса), сонымен бірге көрсетілген табыстау актісімен танысқысы келетін тұлғаның Еншілес банктің немесе Банктің өзінің кредиторы екендігін растайтын құжатты ала келуіңізді сұраймыз.

 

Түсіністік білдіргендеріңіз үшін алғыс айтамыз және айрықша ризашылығымызды  білдіреміз!

 

Қосымша ақпаратты «Еуразиялық банк» АҚ-тың байланыс орталығына хабарласып ала аласыздар:

+7 (727) 332-77-22 (қалалық телефоннан)

7722 – тегін қысқа нөмір (Қазақстан бойынша ұялы телефоннан)

 

сайт www.eubank.kz

E-mail: contactcenter@eubank.kz

Skype: eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.