2022 жылғы 5 мамыр, Алматы
Еуразиялық банктің арнайы Эко-карталарына есептелген бонустардың арқасында Нұр-Сұлтандағы екі жаңа мектептің ауласына алғашқыда 20 ағаш отырғызылды. Банк қызметкерлері Eurasian Environmental Fund (EEF) компаниясындағы әріптестерімен және №91 мектептің және Білім Инновация лицейінің түлектерімен бірге елорданың қатал климатынан қорықпайтын пирамидалық теректерді отырғызды.
“Қазақта “Сауап – игілікті іс” деген сөз бар. Ағаш отырғызу – үлкен сауап, есейгенде менің оқушыларым осында өздерінің балаларын ертіп келіп, өздерінің қолымен отырғызған ағаштарды көріп, сүйсінетін болады”, – деді №91 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дина Рахиева.
Еуразиялық банктің эко-карталарын ұстаушылардан басқа ірі сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан арнайы NFC-постерлер арқылы қайырымдылық жасаған басқа қазақстандық банк карталарының иелері де көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
Еуразиялық банк пен EEF бірлесіп, 2021 жылдың маусым айында ормандарды, таза ауаны сақтау және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі экологиялық бастамаларымен бұрыннан танымал Masterсard қолдауымен цифрлық банк технологиялары арқылы экологиялық жобаны іске қосқан болатын. Цифрлық экология жобалары бүкіл әлемде және Қазақстанда алғаш рет жүзеге асырылуда.
Еуразиялық банктің Masterсard Эко-картасымен жасалған әрбір транзакциядан соманың 0,5%-ы жасыл жобаларды іске асыру үшін EEF қорына түседі. Банк клиенттерге жанасусыз төлемдері үшін тағы 0,5% аударады. Қосымша опция ретінде “Ойын-сауық” санаты бойынша + 30% бонус беріледі. Эко-картаны үйге жеткізу үшін қашықтан, тегін ашуға болады.
Мектептерде ағаш отырғызу EEF пен Еуразиялық банктің қатысуымен мамыр-маусым айларында жалғасатын елорданы көгалдандыру жөніндегі бірқатар іс-шаралардың бастауы болды.
Еуразиялық банк — Қазақстанның әлеуметтік-маңызды қаржылық институты, 28 жыл қатарынан активтер мен меншікті капитал мөлшері бойынша тұрақты түрде қазақстандық он ірі банк қатарынан табылып келеді. Корпоративтік клиенттер мен ШОБ клиенттеріне қызметтердің кең шеңберін ұсынады, бөлшек бизнес көлемі бойынша үздік бестік қатарына кіреді, автонесиелеу бойынша көш бастап келеді, цифрлық банкингті белсенді дамытуда.
Eurasian Environmental Fund – Eurasian Environmental fund коммерциялық емес ұйымы ағымдағы жылдың 13 мамырында АХҚО аясында тіркелген. Қордың құрылтайшылары АХҚО Жасыл қаржы орталығы, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры және Green Investment Group ЖШС болып табылады. Қор қызметі 2013 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының “жасыл экономикаға” көшу тұжырымдамасының мақсаттарын және 2016 жылы ратификацияланған Париж келісімінің мақсаттарын іске асыруды қолдауға бағытталатын болады.