logo
Қз

Өзіңізді алаяқтардан қалай қорғауға болады?

Құрметті клиенттер!

 

Қазақстанда әлеуметтік инженерия әдістерін қолданумен  ғаламтор арқылы алаяқтық жағдайлар жиілеп кетті. Алаяқтар  өзін ықтимал сатып алушы немесе банк қызметкері ретінде таныстырып, алдымен клиенттің сеніміне кіреді, содан кейін СМС хабарламада көрсетілген кодты, карточкалық деректерді, онлайн-банкинг үшін қажетті логин мен/немесе құпия сөзді және басқа да құпия деректерді айтуды сұрайды.  Алынған ақпараттарды қолдана отырып, алаяқтар клиенттердің шоттарынан ақша қаражаттарын ұрлайды.

 

Алаяқтардан қорғану үшін Сізден әрдайым қырағылық танытуыңызды және ешкімге өзіңіздің дербес және карточкалық деректеріңізді айтпауыңызды сұраймыз:

– ЖСН, жеке куәлік нөмірі немесе оның көшірмесі;

– SMS-пен келген кодтар;

– төлем картасының деректемелері (нөмірі, әрекет ету мерзімі, ДСН-код, CVV/CVC (картаның сырт жағындағы үш таңбалы нөмір));

– Smartbank-қа арналған логин мен құпия сөз;

 

Сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында:

– әлдекімнің өтініші бойынша Smartbank-қа арналған телефон нөмірін өзгертпеңіз.

– белгісіз немесе күдікті мекенжайлардан келген хаттарды ашпаңыз;

– күмәнді дереккөзден алынған сілтемелерге өтпеңіз.

 

Банктің қызметкерлері ешқашан және ешбір жағдайда төлем картаның деректемелерін, ДСН-кодты, логинді және құпия сөзді беру өтінішімен қоңырау шалмайтынына және хат немесе SMS жібермейтініне назар аударуыңызды сұраймыз.

 

Егер Сіздің деректеріңіз қаскүнемдердің қолына түсті деген күдік сізде туындаса немесе Сіздің шоттарыңыз бойынша Сіздің рұқсатыңызсыз операциялар жүргізіліп жатқанын анықтасаңыз, келесі телефондар бойынша банктің байланыс орталығына хабарласыңыз:

+7 (727) 332-77-22 — қалалық;
+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Altel/Tele2;

+7 (702) 010-77-22 — Kcell/activ.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.