ІІМ деректері бойынша жыл басынан бері Қазақстанда интернет-алаяқтықтың 13 746 жағдайы тіркелген. Залалдың жалпы сомасы 11,3 млрд теңгені құрайды, және де зардап шеккен қазақстандықтарға осы соманың жартысы ғана қайтарылды. Қазіргі алаяқтар банктік карталардан ақша алудың күрделі және айлакер тәсілдерін табуда.
Еуразиялық банк алаяқтардың құрбаны болмауға және ықтимал жағымсыз салдарларды болдырмауға көмектесетін бірнеше маңызды кеңестер жинады:
– Бейтаныс адамдарға жеке деректерді бермеңіз: карта нөмірі, оның жарамдылық мерзімі, сондай-ақ үш таңбалы CVV/CVC коды;
-SMS-тегі PIN-кодтарды және код сөзін үшінші тұлғаларға бермеңіз;
-Біреудің өтініші бойынша банктің мобильді қосымшасындағы телефон нөмірін өзгертпеңіз; – Телефон алаяқтарының, әсіресе ақшаны “қауіпсіз” шоттарға аудару туралы өтініштерінен сақ болыңыз;
– Құрылғыларға AnyDeck, RustDesk, TeamViewer, HopToDesk және т. б. сияқты бағдарламаларды орнатпаңыз;
– Сіздің банктік деректеріңізді сұрайтын белгісіз жіберушілерден электрондық хаттарды немесе хабарламаларды ашпаңыз;
– Заманауи қауіптер мен қорғаныс әдістерінен хабардар болу үшін киберқауіпсіздік туралы материалдары бар банктің SMS-хабарламалары мен push-хабарламаларына назар аударыңыз;
– Картаны жоғалтқан немесе ұрлаған кезде оны бұғаттаңыз.
Егер сіздің деректеріңіз зиянкестердің қолына түсті деп күдіктенсеңіз немесе сіздің шоттарыңызда сіз білмей операциялар жүргізіліп жатқанын байқасаңыз, дереу өз банкіңіздің байланыс орталығына хабарласыңыз.
Еуразиялық Ббанктің клиенттері тәулік бойы келесі нөмірлер бойынша қоңырау шала алады:
+7 (771) 000-77-22 — Beeline;
+7 (700) 000-77-22 — Tele/Altel;
+7 (702) 010-77-22 — Kcell/activ.