logo
Қз

Құрметті клиенттер!

Сіздермен қуанышты жаңалықпен бөліскіміз келеді.  2017 жылғы 10 мамырдан бастап «Android» операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын смартфондар үшін «Smartbank» ұялы қосымшасының жаңа нұсқасы қолжетімді болады.

 

Қосымшаның жаңа нұсқасында келесі функциялар пайда болды:

– «Дактилоскопия» саусақ ізтаңбасы бойынша кіру;

– валюталардың ағымдағы бағамдарын көрсету;

– Мультивалюталық картаның қосалқы шоттары арасындағы аударымдар;

– Заңды тұлғалардың шоттарына аударымдар және басқалар.

Бұған қоса, қосымшаның дизайны да толықтай өзгерді.  Дизайн Google-дың ағымдағы үрдістерін ескере отырып, клиенттердің пікірлері мен ұсыныстары негізінде жетілдірілді.

 

Жаңа қосымшаны қалай жүктеуге болады?

10 мамырдан бастап Google Play-ғы мына сілтеме бойынша https://play.google.com/store/apps/details?id=com.monitisecreate.eubank.smartbank&hl=ru (Smartbank ұялы қосымшасы) өтіп, «Жаңартуды» басасыз.

 

Маңызды!

Қосымша жаңартылғаннан кейін сіз бұрын орнатқан пасскод жарамсыз болады. Бірінші рет кіру үшін өзіңіздің логиніңіз бен құпия сөзіңізді пайдалану қажет болады. Логин мен құпия сөзді қолдана отырып, алғаш рет кіргеннен кейін сіз жаңа пасскодты орната және/немесе саусақтың ізтаңбасы арқылы кіре аласыз.

 

Егер сіз өз құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз не істеу керек?

Сіз:

  • Келесі нөмірлер бойынша қолдау қызметіне хабарласа аласыз:

7722 – Қазақстан бойынша ұялы телефоннан тегін,

+ 7 (727) 259-95-52 – қалалық телефоннан.

Сәйкестендіруден кейін сізге ішінде уақытша құпия сөзі бар SMS-хабарлама жолданады, оны бірінші кіргенде өзгерту қажет.

  • Сізде пластикалық карта бар болған жағдайда, Еуразиялық банктің кез келген банкоматынан жаңа уақытыша құпия сөзді ала аласыз. Жаңа, уақытша құпия сөзді алу үшін «Smartbank» мәзірінде “Құпия сөзді ауыстыру” тарауын таңдау қажет. Логин және жаңа, уақытша құпия сөз чекке басылып шығарылады.

 

  • Жеке тұлғаңызды растайтын құжатпен банктің бөлімшесіне бара аласыз.

Сәйкестендіруден кейін сізге ішінде уақытша құпия сөзі бар SMS-хабарлама жолданады, оны бірінші кіргенде өзгерту қажет.    Сондай-ақ менеджер сізге логинді айтып бере алады.

 

Басқа да сұрақтар немесе қателер туындаған жағдайда, сіз сондай-ақ жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша техникалық қолдау қызметіне хабарласа аласыз немесе көрсетілген электронды мекенжайға скрин-шоттарды жолдауыңызға болады: smartbank@eubank.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.