logo
Қз

Құрметті клиенттер!

Біз USSD-банкинг – жаңа қызметтің іске қосылғаны туралы хабарлауға қуаныштымыз.
USSD (Unstructured Supplementary Service Data) — желі абоненті мен сервистік қосымша арасындағы қысқа хабарламалар беру режимінде интерактивтік өзара әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беретін GSM желісіндегі стандартты сервис.
USSD-банкинг – USSD-сұратулар арқылы ұялы құрылғының көмегімен қашықтықтан банктік қызмет көрсету мүмкіндігін ұсынатын қызмет, яғни бұл телефоннан қысқа командаларды теру арқылы шоттар бойынша ақпараттарды жедел түрде алу сервисі.
Сервисті кім қолдана алады?
Қызмет тапсырмаларды авторландыру үшін телефон нөмірлері қосулы, тіркелген Smartbank қолданушылары үшін қолжетімді.
Қалай қосылуға болады?
Smartbank клиенттері *979# қысқа нөмірін теру арқылыавтоматты түрде қосыла алады
 
Қандай операторлардың абоненттері қызметтерді қолдана алады?
KCell, Beeline және Tele 2 абоненттері.
USSD қолдану үшін ұялы құрылғыда Интернет қажет пе?
Интернет қосылу қажет емес.
Қандай ұялы құрылғы иелері қызметті қолдана алады?
GSM стандартты кез келген ұялы құрылғы иелері (буынға бөлінбестен) қызметті қолдана алады (1998-1999 жылдары шығарылған ең алғашқы үлгілерді қоспағанда).
Қызмет құны?
Қызмет Қазақстан бойынша тегін көрсетіледі.
 
Қызмет әлем бойынша қолжетімді ме?
Қызмет Қазақстан бойынша және егер роуминг қосулы болса әлем бойынша қолжетімді.
 
USSD-банкинг мәзірінде қандай өнімдер көрсетіледі?
USSD-банкинг мәзірі клиенттің өнімдеріне байланысты әр клиент бойынша жеке жасалады. Нақты валюта бағамдары барлық клиентте көрсетіледі.
«USSD-банкинг» қызметін қолданудың артықшылықтары:
• Қолайлылық – жүйе сіздің шоттарыңыз бен валюта бағамдарына тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
·Қолжетімділік – сервис кері баланста да, Интернетке қосылмай-ақ жұмыс істейді.
• Қауіпсіздік – Банк пен клиенттің өзара қарым-қатынастарының толық құпиялылығы (барлық енгізілген деректер ұялы құрылғыда сақталмайды).
• Қолданудың оңайлығы – өз ақша қаражатыңды басқару үшін қандай да бір арнайы білімнің немесе дағдының болуы қажет емес. Қызметтің интерфейсі ыңғайлы және кез келгенге түсінікті. USSD-сұратуларды жаттап қажеті жоқ.
Қолданушының қысқаша нұсқаулығы:
1. Ұялы телефоннан *979# командасын теріп (қоңырау шалу қызметі), қызмет мәзіріне кіріңіз;
2. Мәзірге сәйкес қажетті ақпараттың реттік нөмірін теріңіз (мысалы, 1 – карточкалық шоттар, 5 –валюта бағамдары);
3. Нұсқаулықты қолданыңыз.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.